Музыка әуені естіледі . Музыкамен оқушылар шығады. Сапқа тұрады . Осы кезде велосипед айдаған бала жол ережесін бұзып өтеді .
Жол полициясы ысқырып (оны тоқтатады ) : Сен неге жол ережесін бұзасың ?
Бала : Мен жол ережесін білмеймін .
Жол полицейі : Бағдаршамға қара . Қазір біз саған жол етежесін түсіндіреміз .
Бала : Жарайды .
Полецей : ( ысқырады .) Балалар жүгіріп келіп қатарға тұрады .
Полецей : Бас көшеде қырағы
1- қыз :Үш көзді дәу тұрады .
2 - қыз .Ашса кезек үш көзін ,
3 - қыз .Айтты деп біл үш сөзін .
4-бала :Тоқта. Сақтан . Жол ашық,
Полецей : Жүрме жолға таласып .
қыз Қызыл көзін ашқанда,
Барлығы :Сынық сүйем баспа алға.
2- қыз : Сары көзін ашқанда
Барлығы :Қарап қалма аспанға.
3- қыз : Жасыл көзін ашқанда,
Барлығы :Жүре бергін, жасқанба!
Ортаға бағдаршам шығады.
Бағдаршам : Сәлеметсіңдер ме, балалар ?
Балалар : Сәлеметсіз бе құрметті бағдаршам.!
Балалар, бүгін мен сендерге сұрақтар , жұмбақтар әкелдім .
Мұғалім :
Қане , балалар бағдаршамның тапсырмаларын орындауға дайынсыңдар ма ?
Бағдаршам : « Кім жылдам ?» ( жұмбақтар шешу)
1..Бұйырмапты бас та, ауыз да,құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақта. (Бағдаршам )
2.Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім. ( Жол )
3.Ала таяқ ұстаған,
.Жол тәртібін нұсқаған. ( Автоинспекция қызметкері )
4. Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.
Сөйлегенді білмейді,
Бірақ « Тоқта, жүр »-дейді. ( Бағдаршам )
Бағдаршам :Енді балалар, менің сендерге сұрақ қойғым кеп тұр. Кім дұрыс жауап берсе соған сыйлығым бар .
Қане дайынсыңдар ма ?
Достарыңызбен бөлісу: |