Сабақтың тақырыбы: Адамның жыныс жүйесінің құрылымы мен қызметі. №1-сабақ. Бөлім



бет8/51
Дата06.05.2023
өлшемі7.37 Mb.
#473296
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51
Биология 9кл- 4 тоқсан- ҚМЖ-1

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

9.4А Көбею

Педагогтің аты-жөні:

Танатова Г

Күні:

30.03.2023ж

Сыныбы:9 А-Б

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Екінші реттік жыныстық белгілер. Ұлдар мен қыздардың жыныстық жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.1.3 - жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Білім алушылар жыныстық жетілуді біледі және екінші реттік жыныс белгілерін сипаттай алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе
5 мин




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.

1. Ер адамның әйелден сырттай қандай айырмашылығы бар?

2. 3-5 жастағы бала кезге қарағанда 30 жастағы ерлер мен әйелдер арасында сырттай қандай айырмашылықтар пайда болады?


Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

1-тапсырма
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.
Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

1. Ер адамдар мен әйелдердің денесі неліктен тек 11-15 жастан кейін ғана өздеріне тән сипатқа ие болатынын түсіндіреді.

2. «Биологиялық және әлеуметтік жетілу» деген терминге анықтама береді.


3. Екінші реттік жыныс белгілерінің қалыптасуындағы аталық жыныс гаромндарының қызметін сипаттайды.


4. Екінші реттік жыныс белгілерінің қалыптасуы мен аналық жыныс гармондарының түзілуі арасындағы байланысты анықтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет