Сабақтың тақырыбы: Адамның жыныс жүйесінің құрылымы мен қызметі. Адамның жыныс жүйесінің құрылысын сипаттау



бет3/4
Дата19.04.2024
өлшемі0.5 Mb.
#499281
түріСабақ
1   2   3   4
Жулдыз Таскул жыныс жуйе

Аналық жыныс жүйесі.
Аналық жыныс жүйесі аналық бездерінен, жатыр түтіктерінен (жұмыртқа жолы), жатырдан және қынаптан тұрады. Аналық гаметалар (жұмыртқа жа сушалары) жұп аналық бездерінде түзіледі. Аналық бездің сыртқы қабатындағы эпителий ұлпаларында көпіршіктер- фолликулалар орналасқан, оларда жұмыртқа жасушалары қалыптасады. Фолликулалардың белгілі бір жасушаларында жыныс гормондары өндіріледі. Аналық бездің ішкі бөлігі дәнекер ұлпасынан тұрады және онда қан тамырлары мен жүйкелер бар. (105 сурет) Аналық безінде пісіп жетілген жұмыртқа жасушалары жатыр түтігіне өтеді. Жатыр түтігінің ұзындығы 12 см ге жуық, қабырғалары бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан құралған, оның ішкі қабаты кірпікшелі эпителиймен астарланған, Жатыр түтігіндегі кірпікшелі эпителийдің тербелісі және бірыңғай салалы бұлшықеттің жиырылуы жұмыртқа жасушаларын жатырға қарай бағыттап жылжытады. Егер жатыр түтігінде жұмыртқа жасушасы мен сперматозоид бір мезгілде кездессе, онда ұрықтану жүреді. Жатыр- қуыс, алмұрт пішінді, бұлшықетті мүше, ұзындығы 7,5 см шамалас, ені 5см ге жуық, қуықтың артқы жағында орналасқан. Жатырда ұрықтың дамуы жүреді. Жатырдан басталатын өзек жатыр мойны қынапқа ашылады. Қынап ұзындығы 8-10 см бұлшықетті түтік. Әйелдің сыртқы жыныс мүшелері қорғаныш қызметін атқарып, ауру қоздырғыш организмдердің ішкі жыныс мүшелеріне өтуіне кедергі жасайды.


Жаңа тақырыпты меңгеру.

Тақырып бойынша оқушылардың алдыңғы білімін

Сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Презентация Слайд 4-11



15 минут

2 минут


Бекіту:

Сабақты қорытындылау



1 тапсырма

«Инсерт» (түртіп алу) әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу;(топтарға оқулықтағы тақырыпшалар нақты бөлініп беріледі, белгіленген уақытта инсерт әдісі бойынша бөлінген мәтінмен жұмыс істейді.) Мәтінді алдымен топта талқылап, одан кейін мәтіндер арқылы топтар бір-біріне екі сұрақтан қояды (сағат тілі арқылы)


1топ-Адамның жыныс жүйесінің қызметі мен құрылысы
2топ-Аталық жыныс жүйесі
3топ-Аналық жыныс жүйесі

Сергіту сәті: Аналық жыныс жүйесіне қатысты атауды айтқанда қыздар қол шапалақтап, аталық жыныс жүйесіне қатысты атауларды айтқанда ұл балалар қол шапалақтап сергіту сәті жасалады. Аталық пен аналыққа да қатысты терминдер мен сөз тіркесі айтылғанда қыздар да ұлдарда қол шапалақтайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет