Сабақтың тақырыбы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына-150 жыл. Сабақ мақсаты



бет19/48
Дата08.10.2024
өлшемі0.55 Mb.
#504443
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48
ҚМЖ тәрбие сағаттары (1)

Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:




Сынып: 1 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Әдептілік әліппесі

Сабақ мақсаты

балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.




Сабақтың кезең
уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс
тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!




Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.



Ортасы

Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.
Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының, жүріс - тұрысының ережесі.
Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата - анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.
Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.
Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?»
- үлкендердің алдынан......(кесіп өтуге болмайды)
- кішкене баланы......... (жылатуға болмайды)
- құстарды........ (атуға болмайды)
- қыз баланы....... (ренжітуге болмайды)
- сабақтан....... (кешігуге болмайды)
- сыныпта....... (айғайлауға болмайды)
Әдептілік ережелері:
- Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
- Әрқашан сыпайы болу керек. сыпайылық – айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. – Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
- Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
- Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.
«Жалғастыр» ойыны:
«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.
1. Үлкендердің алдын -
2. Кішкене баланы -
3. Құстарды -
4. Қыз баланы -
5. Сабақтан -
6. Үйге жүгіріп -
7. Үлкен кісіні -
8. Оқу – құралдарын -
9. Сыныпта айғайлауға -
10. Ысқыруға -

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.



Форма
тивті бағалау.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.



.


Соңы

Қорытынды:
Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез - келген жағдайды кез - келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.

Балалар өз ойларын білдіреді.










Педагогтің аты-жөні

Есениязова С.О.

Күні:




Сынып: 1 «В»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жол жүру белгілері және таңбалары

Сабақ мақсаты

 -Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру; ережелерді есте сақтауға үйрету;
– Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу;

Сабақтың барысы.




Сабақтың кезең
уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс
тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет