2.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларды жаңа оқу оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, «Өзін-өзі тану» пәнінің жалпы мақсаттарын: рухани-құндылықтарын, өткен оқу жылында меңгерген білімдерін еске түсіруге шақыру. Сонымен қатар оқулықтағы жаңа таңба-белгілердің мазмұнымен таныстыру.
- Біз «Өзін-өзі тану» пәнінен не үйрендік?
- Өзін-өзі танудың адам өміріндегі маңызы қандай?
- «Әр адамның өмірі өз қолында» дегенді қалай түсінесіңдер?
|
3.Дәйексөз Мұғалім оқушыларды оқулықта ұсынылған сабақтың дайексөзімен таныстырады.Дайексөзді алдымен мұғалім өзі оқып береді. Сосын балаларға дауыстап айтуды ұсынады. Келесі кезекте ұл балалар қйталап оқиды.Содан соң қыз балалар қайталап оқиды. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек». Абай
Сұрақтар:1. Дәйексөзден қандай ой түюге болады?2.Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау не үшін керек деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың жауаптарына сүйене отырып, қорытынды жасау. Дәйексөзді дәптерге жазғызу.
|
|