Сабақтың тақырыбы: Ақыл парасат, ерік-жігер және жүрек тәрбиесі Қасиеттер: қарапайымдылық, адалдық, әділдік



бет3/4
Дата02.01.2022
өлшемі54.5 Kb.
#453230
түріСабақ
1   2   3   4
7 сынп №1 сабақ жоспар

4.Әңгiмелеу. «Отын оқиғасы»      аңыз

-  Бекет ата жас кезінде Пақыржан қажыдан жеті жылдай дәріс алады. Ұстазы Бекеттей зейінді әрі ықыласты шәкіртіне айырықша құрмет көрсеткен.

    Кезекті жыл аяғы да жетіп, келесі оқу жылына қажетті ас-су, ағаш жинап алу керек болады. Ұстаз барлық шәкіртіне балта мен ара беріп, орманнан отын алып келуге жұмсайды. Шәкірттердің бәрі шама-шарқынша ағаш кесіп, арқалай алғанша көтеріп келеді. Тек Бекет қана тезек құрлы салмағы жоқ, құрап қалған ку түбіртектерді теріп әкеледі. Мұны көрген шәкірттер Бекетті келеке ете бастайды. Тіпті біреулері Ұстазға шағым айтады.

   Не үшін бұлай еткенін сұраған Ұстазға Бекет:

-  Жаңа өскенжас тал біткен зар илеп, «Бәріміз де асқақ болсақ, бәйтеректей биік болып өссек» деп жылап тұрған соң ешқайсысын қор етуге қолым бармады. Өмірді қиюдан өткен өлшеусіз күнә бар ма, ұлы Ұстаз?! – деп жауап берді.

  Мұқият тыңдап болған соң мұндай кең ойлылық пен кемелдікке көңілі толған көреген Ұстаз:



  1. Адам баласына алдымен керегі   -  аяушылық пен мейірім. Бекеттен басқаларын отынды орманға апарып тастаңдар! – деп бұйырған екен.

  2.  

  1. Бала Бекеттің іс-әрекетінен нені түсінуге болады?

  2. Ұстаздың айтқанынан не түйдіңдер?

  3. Қалған балалардың әрекеті дұрыс болды ма?

  4. Бекеттің бойынша қандай қасиеттер көрінеді?

  5. Өмірдегі басты нәрсе не деп ойласыңдар?

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет