2. Жаттығу. «Орнымызды ауыстырамыз».
Бұл ойын кішкене қимылдауға, көңіл-күйді көтеруге, сонымен қатар бір-бірі туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бір орындық алынып тасталады да, жүргізуші босаған орынға отырып алу үшін келесідей тапсырма береді: «кімнің достары көп, алмұртты жақсы көретіндер, оқуды жақсы көретіндер, домбыра тарта алатындар, балмұздақты жақсы көретіндер, ата-анасына көмектесетіндер және т.б. орындарын ауыстырсын».
3. Топтық ереже қабылдау.
Жүргізуші таныстықтан кейін топтық ереже қабылдауды ұсынады, егер қатысушылар ережемен келіскен болса қолдарын шапалақтайды, егер келіспесе – аяқтарымен жерді тысырлатады.
Ашық әңгімелесу
Белсенді болу және әзілдесе білу
бағаламау
сөзді бөлмеу
көп қатынасу
4. «Ой қозғау». «Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.
Оқушыларға сөйлемді жалғастыру тапсырылады. Жазбаша орындау керек.
«Бастауыш мектепте маған бәрінен де есте қалғаны ... »
«5-сыныпта мен (менің) .... келеді».
Оқушыларға 5-сыныпқа келгенде олардың өмірінде қандай өзгерістердің, жаңалықтардың болғандығы туралы әңгімелеу ұсынылады.
5-сыныпта қандай қиындықтар болды?
Келіспеушіліктер туындаған сәттер болды ма?
Қандай қызықты оқиғалар болды?
5. «Мен кіммін? Мен қандаймын?» жаттығуы.
Оқушыларға сөйлемді жалғастыру тапсырылады. Жазбаша орындау керек.
«Менің ойымша, мен ... ».
«Басқалар мені ... ойлайды».
«Мен ... болғым келеді».
Әрбір сөйлемге 5-6 сөзден жазуға болады.
Сөздер тізімі:
Ұқыпты, белсенді, қонақжай, тіртіпті, білімді, жауапты, еңбекқор, кешірімді, таза, шыдамды, батыл, сенімді, қарапайым, мәдениетті, қамқор, мейірімді, сабырлы, жылыжүзді, адал, сыпайы, білімге құштар, кеңпейіл, ...т.б.
Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Оқушылардың көпшілігіне ортақ, сәйкес келгендері саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |