6. Жаттығу «Мен үшін не маңызды?» Балалар ата-аналарымен бірге демалысты елсіз аралда өткізуге көп уақытқа кетіп бара жатырмыз деп ойлауы керек. Ата-аналары балаларына өздерімен бірге чемодан және онда салатын өздеріне ең маңызды деген тек үш нәрсені ғана алуға рұхсат береді. Сіз не алып кетер едіңіз? Сол нәрселерді қағазға жазыңыздар. Әрі қарай балалар тізімді оқып және осы үш нәрсені не үшін таңдап алғандықтарын әңгімелеп беруі керек.
Талқылау:
Осы әлемде сіздердің көпшілігіңізге ортақ маңызды және қызықты нәрселер бар ма?
Өздерімен бірге алып кеткісі келген нәрселердің ішінен қандай нәрсе сенің ойынша өте ерекше болды?
Сен кім туралы жаңа бір нәрсені білдің?
7. «Дос іздеймін» жаттығуы. Балаларға «Дос іздеймін» деп аталатын хабарландыру жазу тапсырылады. Онда өзі туралы, өзінің айналысатын нәрсесі, сүйікті ісі туралы кішкене әңгімелеу керек. Хабарландыру ұзақ болмауы тиіс. Өзіңе бүркеншік ат ойлап табуға болады.
Содан кейін хабарландырулар жинап алынып оқылады. Оқушылар әрбір оқылған хабарландырудың авторы кім екендігін табады: егер дұрыс тапса, онда қосымша автордың жақсы қасиетін атайды.
Өзің туралы жазу оңай болды ма?
Шындықты айту қиын ба?
8. Кері байланыс. Қорытындылау.
Сабақ барысында сен қандай сезімде болдың?
Сабақта берілген ақпараттар саған қажет деп есептейсің бе?
Осы сабақтан нені үйрендің, нені түсіндің?
Сабақта үйренгендерің алдыңғы уақытта көмектеседі деп ойлайсыңдар ма?
9. Үйге тапсырма. Қиялыңа (фантазияңа) ерік бере отырып орта мектеп (5-сынып) оқушысының жұмыс үстелін ойлап табу және суретін салып келу.