Сабақтың тақырыбы: Ана тілінің қызметі Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет9/12
Дата15.06.2016
өлшемі0.89 Mb.
#137131
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

1.Білімділік: оқушылардың үнді дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың фонетика жайындағы, тіл дыбыстары және олардың түрлері туралы ұғымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Ұяң дауыссыздар туралы түсінік

  2. 276.277 - жаттығулар


ІІІ. Білім тексеру

Шығармашылық диктант

  • Төмендегі сөздерге қосымша жалғап, сөйлем құрап жазыңдар.

    1. Автоцистерна, кросс, миллиграмм, съезд,повесть

    2. Металл, фантастика, штамп, факт, митинг, ромб, киоск, шрифт.

IV.Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

V. Жаңа сабақ

Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Дауыссыздар салдыр мен үннің қатысына қарай: қатаң, ұяң, үнді болып үш топқа бөлінеді.

Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дайыссыз дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз. Үнді дауыссыздар мыналар: р, л, й, у (тау), м, н, ң.
VІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.

1.Оқулықпен жұмыс

279– жаттығу (жазбаша)

* Үнді дауыссыздарға аяқталған сөздерді жазыңдар

286–жаттығу(ауызша)

  • Үнді дыбыстан басталатын бірнеше биологиялық терминдердің атын жазыңдар..

288– жаттығу

  • Мәтінді көшіріп жазып, үнді дауыссыздары бар сөздердің астын сызыңдар.



VІІ Сабақты бекіту

Өздік жұмыс.

І топ

1.Сөз ортасында қос дауыссыз кездесетін атауларды жазыңдар.

2. Балалар сөзіне фонетикалық талдау жаса

ІІ топ

1. Бірдей дыбыстардан басталатын сөздерден сөйлем құрап жазыңдар.

2.Даңғыл сөзіне фонетикалық кешенді талдау жаса

ІІІ топ

1. қай жағынан оқысаңда бірдей жазылып, бірдей айтылатын сөздер тауып жазыңдар.

2. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса

Моншақ, рахмет

VІ. Сабақты қорыту

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма:

    1. Үнді дауыссыздар туралы түсінік

    2. 292-295 - жаттығулар


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: IІІ

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Буын, оның түрлері

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың буын және оның түрлері туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың буын және оның түрлерін түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

IV Жаңа сабаққа дайындық

1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

V Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сөз бірнеше фонетикалық бөлікке жіктеледі. Балалар мектепке келді деген сөйлемде үш сөз бар. Осы сөйлемдегі сөздер естілуі жағынан Ба-ла-лар мек-теп-ке кел-ді болып бірнеше шағын дыбыс тобына жіктеліп тұр. Осындай дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі БУЫН делінеді.

Сөздердің әрбір фонетикалық бөлшегі болған буын бір не бірнеше дыбыстан (фонемадан) құралады: Мысалы, қант, а-ла-мын сөздеріндегі буындарды алсақ, бірінші сөз бір буыннан, екінші сөз үш буыннан құрылып тұр. Бірінші сөзде буын төрт дыбыстан, екінші сөздегі бірінші буын бір дыбыстан, екінші буын екі дыбыстан, үшінші буын үш дыбыстан құралған.

Демек, буын дегеніміз – Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек. Дауысты дыбыстың Бір өзі буын бола алады. Дауыссыз дыбыстар жеке тұрып өздігінен буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпты болмайды. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар. Олар: 1)ашық буын, 2) тұйық буын, 3) бітеу буын.

1.Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыстыдан басталып дауыстыға аяқталатын буынды ашық буын деп атаймыз: а-ға, ба-ла, қа-ла, т.б. Ашық буынның ішндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз: а-дам, а-та.

2. Тұйық буын. Дауыстыдан бастылып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз: ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант, т.б.

Тұйық буынға жалаң буын қосатын болсаң, онда буын жігі өзгереді: өрт+і=өр-ті, оқ+ы=оғы, еп+і= е-бі, ек+ін=е-гін, т.б.

3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды бітеу буын дейміз: тал, төрт, бар, жаз, кел, кең, қант, т.б.

Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді. Ашық буынның өз алдына сөз болуы өте сирек.

VІ. Түсінік тексеру

1.Оқулықпен жұмыс

296-жаттығу(ауызша)

* Мәтінді оқып, тарихи сөздерді тауып, оларды буынға бөліңдер. Әрбір буын қанша дыбыстан құралған және қайсысы буын құрайтын, қайсысы буын құрай алмайтын дыбыстар екенін айтыңдар.

300 –жаттығу



  • Екінші абзацтағы сөздерді буынға бөле отырып көшіріп жазыңдар. жазыңдар.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту

1.Перфокартамен жұмыс


Сөйлем

Ашық буын

Бітеу буын

Тұйық буын












Біздің заманымызда не көп, сан түрлі таң ғажайып

мамандық көп.

( І. Есенберлин)


























ауыл осы қонысқа кейін орналасқаннан бері қарай, ол бір күн дамыл танытқан емес.

( М.Әуезов)




























Сайдың тасындай, күмістей жалтылдап күнге шағылысқан, қорғасындай балқып.


























Ералин жуынып шыққан соң қорасына қарап тұрғанда есіктен басын ғана қылқитып қарт анасы шықты.

(Ғ. Мүсірепов)




























Мал, жан көп, бай ауыл осы орынды қыстауға лайықтап алғаннан әлі жаңа қыстау сала алмай ескілеу тар қораға сия алмай күннің көзі жылынысымен киіз үйге шығыпты.

( М.Әуезов)




























2.Деңгейлік тапсырмалар:



І деңгей

1. Буын құрайтын дыбыстарды жаз.

2. мәтінді буынға бөліп жаз.

Абай – өз заманының жаршысы. Оның шығармалары – сол заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс – тірішілігі барлық ерекшеліктерімен, тек өзіне ғана тән белгі – бедерімен, өзіндік бояу өрнектерімен мейлінше айқын да толық бейнеленген. (Ж.Смағұлов)

ІІ деңгей

1. Буын дегеніміз не?

2 Буын түрлеріне ажыратып жаз.

Адамның бір атаның балалары екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екен де даусыз.

ІІІ деңгей

1.Бітеу буынды сөздерге мысал келтір.

2. «Менің қалам» деген тақырыпта мәтін құра. Мәтіннен буын түрлерін ажыратып жаз.

VIІІ. Сабақты қорыту

      1. Бағалау

      2. Үйге тапсырма:

1. Буын және буын түрлері туралы түсінік. туралы түсінік .

2. 301-305 -жаттығулар

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: IІІ

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Жаттығу талдау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың буын және оның түрлері туралы түсініктерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың фонетика жайындағы, тіл дыбыстары және олардың түрлері туралы теориялық білімдерін кеңейту және олдары практикада қолдана білуге үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

IV.Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық

1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

VІІ Сабақты бекіту

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей

1.Буын құрайтын дыбыстарды жаз.
2.Төмендегі сөздерден ашық буынды тап.

Күн шығып, ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ.


ІІ деңгей

1.Мәтіндегі сөздерді буын түрлеріне қарай талда.

Қорған кезінде топырақ араластыра тастан қаланған екен де, бұл кезде қорғанның үстіне жыңғыл мен шеңгел араластыра



шығып, өзінше ол да бір сән беріп тұр.
ІІІ деңгей

1.«Егемен Қазақстан» тақырыбына шағын шығарма жазып, буын түрлеріне талда.
Оқулықпен жұмыс:

306– жаттығу

* Мәтіннен өздерің қалаған үш сөзді буын түрлеріне ажыратып талдаңдар.

307 – жаттығу

  • Мәтіннен аралас буынды сөздерді теріп жазыңдар.

308 – жаттығу

  • Қарамен жазылған сөздерді буынға бөліп жазыңдар.

VІ. Сабақты қорыту

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма:

    1. Буын және оның түрлері туралы қайталау.

    2. 309 – жаттығу.


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: IІІ

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Тасымал

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың тасымал туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың тасымал және оның түрлерін түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

IV Жаңа сабаққа дайындық

1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

V Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сөздің жолға симаған бір я бірнеше буынын келесі жолға тасымалдауға болады .

Сөздің жолға сыймаған бөлігін екінші жолға тасымалдау буын жігінен жасалады. Мысалы:са-бақ, мек-теп, таңер-теңгі, таң-ертеңгі. Мына сияқты санаулы сөздерде тасымал дауытыдан басталады: жу-ын, қи-ыр, ти-ын, бу-ын, жи-ын.

Мына төмендегі сөз түрлерін тасымалдауға болмайды.

  1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды. Мысалы:от,кел,ет, қарт,т.б.

  2. Сөздің бір әрпін келесі жолға тасымалдауға болмайды. Сондай – ақ ата, аю, кею, сия, қия сөздеріндегі и,а,я,ю әріптерін тасымалдауға болмайды.

  3. А.Құнанбаев, М. Жұмабаев деген сияқты қысқартылып жазылған кісі атын оның фамилиясынан бөліп тасымамдауға болмайды.

  4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын (км, кг, г, м, см, мм, т.б) алдындағы саныннан бөліп тасымалдауға болмайды: 10кг, 25км.

  5. Бас әріптері және бас әріп пен сөздің басқа буыны арқылы қысқарған сөздер тасымалданбайды. Мысалы: АҚШ, ТМД, ҚазҰУ, АлҰУ, т.б.

VІ. Түсінік тексеру

1.Оқулықпен жұмыс

310-жаттығу

* Суреттер топтамасындағы 13 – суретке қарап, мәтінді буынға бөліп көшіріп жазыңдар

311–жаттығу



  • Екінші абзацтағы сөздерді буынға бөле отырып көшіріп жазыңдар. жазыңдар.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту

1..Деңгейлік тапсырмалар:



І деңгей

1.Мәтінді тасымалдап жаз.

Екі жақ та қолға түскендердің қолдарын байлап, өз жағына қарай айдап әкетіп барады, әсіресе, иесіз қалған аттарды қуып жүргендер көп – ақ.

ІІ деңгей

1. Тасымал дегеніміз не?

2 Тасымалдап жаз.

Енесей қашуға жөнелген бір топ аттарды қуа жөнеліп еді,

мойнынан оқ тиіп,Енесейдің аты омақаса құлап, Енесей жерді сүзе құлады.

ІІІ деңгей

1.Тасымалдауға болмайтын сөз түрлерінің барлығын жаз.

VIІІ. Сабақты қорыту

      1. Бағалау

      2. Үйге тапсырма:

1Тасымал туралы түсінік.

2. 313 -жаттығу


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: IІІ

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Үндестік заңы, буын үндестігі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың үндестік заңы, буын үндестігі туралы түсінік беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың фонетика жайындағы, тіл дыбыстары және олардың түрлері туралы және үндестік заңы, буын үндестігі туралы ұғымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1Тасымал туралы түсінік.

2. 313 -жаттығу
ІІІ. Білім тексеру

Терме диктант

Батыр адам беліне қадалған оқты өз қолымен жұлып алып, лақтырып жіберді де, ол ет қызумен шаба берді, жақын қалған жүздікке ұшырасқанша, жараланғанын білдірген жоқ... Енесей мен Ұлпан, Несібелі – үшеуі қастарында төрт жігіт жолдастары бар, Артықбай ауылына салт шығып, мөлшерлі жерге жеткенде, үш ат жеккен пәуескемен Тілеміс тосып жүр екен.



IV.Жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындық

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау



V. Жаңа сабақ

Қазақ тілінің дыбыстары сөз ішінде және сөз бен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында бірімен – бірі үйлесіп, ыңғайласып келіп отырады. Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай қосымшаның дыбыстары да жуан не жіңішке болып айтылып тұрады. Мысалы: балалар (балалер емес), үйлер (үйлар емес), ауылға (ауылге емес), көшеде (көшеда емес), т.б.

Қазақ тіліндегі қосымшалар сөздің соңгы дыбысының сипатына қарай бейімделіп жалғанады: мектепте (мектепде емес), үйге (үйке емес), жазда( жазта емес), т.б. Сөйтіп, сөзді бастан – аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп атаймыз.

Үндестік заңы екі түрлі: а) буын үндестігі; ә)дыбыс үндестігі.

Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан, сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингорманизм) деп атаймыз.

Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады. Мысалы: ата, ана, бақыт, баға , сана, намыс, егіз, өріс, төсек, кереге, кілем, т.б.

Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар мынадай сөзде араласып келеді:

1)Басқа тілдерден енген сөздерде: кітап, кино, қазір,зағип, матиматика;

2) біріккен сөздер мен қос сөздерде араласып келеді: шекара, баспасөз, аман – есен, алай – түлей, асты – үсті, асығыс – үсігіс, т.б.

Буын үндестігі бойынша қосымша сөздің соңғы буынының жуан – жіңішкелігіне қарай үндесіп жалғасады: соңғы буын жуан болса – жуан қосымша, жіңішке болса, жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: өнер-лі, жет-ер, бақыт-ты, қазір-гі, кітап-ты, математика-дан, т.б.

VІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру.

1.Оқулықпен жұмыс

314– жаттығу (жазбаша)

* Жуан сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді бір бағанға жазыңдар.

315–жаттығу(ауызша)

  • Кірме сөздерге қосымшалар жалғануындағы үндестік заңының ерекшелігін айтыңдар..

316 – жаттығу

  • Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып, көшіріп жазыңдар.



VІІ Сабақты бекіту

Өздік жұмыс.

І топ

1.Тасымалдауға болмайтын сөзді және буынды тап.

Ата – ана, жасырынбақ, ат, шебер, бет, талап, көктем, көк, жаз, ай, жұлдыз, мол, айқын.

ІІ топ

1.Төмендегі сөздерді тасымалдауға бола ма?

Электр, станция, ансамбль, вольт.

ІІІ топ

1. қай жағынан оқысаңда бірдей жазылып, бірдей айтылатын сөздер тауып жазыңдар.

2. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жаса

Жұлдыз, Ұлдай.

VІ. Сабақты қорыту

1.Бағалау

2.Үйге тапсырма:

1.Үндестік заңы, буын үндестігі туралы түсінік

  1. 317 - жаттығулар


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: IІІ

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігіне


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет