Тақырыбы: Қызықты физика. 1 бастаушы



бет1/4
Дата26.04.2023
өлшемі25.15 Kb.
#472801
  1   2   3   4
сыныптан тыс сабақ 8 сыныптар сайыс сабақ


Тақырыбы: Қызықты физика
.

1 - бастаушы: Құрметті қауым! Сіздер бүгін физиканың қызық та, қиын сұрақтарына жауап беріп,Күнделікті көріп жүрген үйреншікті құбылыстың өзінде қаншама физика заңдылықтары жатқандығының куәсі боласыздар. Мақсатымыз: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу

2 - бастаушы: Табиғатта физикалық құбылыс сансыз көп, сол жайлы оқып білгендеріңді ортаға салып білмейтін біраз құбылыстарды бүгінгі біздің кешімізден яғни физиканың ғажайып әлемінен табасыздар.

1 - бастаушы: Физика терең ойлап, көп толғануды, тәжірибе жасап, көз жеткізгенді жақсы көретін пән, асығыстықты, жалқаулықты сүймейді.

2 - бастаушы: Ал достар ғылымдардың ғылымы әрбір істі шешуге
көмектесуші, қызық та ғажайып әлемге саяхат жасайық!
8- сынып оқушыларынан құралған аудиторияны екі командаға бөліп бірінші командаға –«Байқоңыр» деп, екінші командаға «Ғарышкер» деп ат қойып, әр командаға капитан сайлап алып сайысымызды бастайық.
Сайыс тәртібімен таныстырайық

І -Физика жайлы лирика
I І– бөлім: Жұмбақтар
II І– бөлім: Өнерлі топ
IҮ- бөлім: «Кім көп формула біледі?»
V. Қатесін тап!
VІ - бөлім: «Иә» немесе «жоқ»
VIІ - бөлім Шешендік. (Капитандар сайысы)

1-бастаушы Олай болса кезекті топтарды таныстыру үшін әр топтың капитанына сөз тізгінін берейік. Өз тобын таныстырып, қарсы топқа айтары бар болса ортаға салсын.

2-бастаушы
Ия, біз бүгінгі қарсылас топтар өз білімдерімен бүгінгі кешті көңіді де мағыналы өткізеді деп сенеміз, және әр топқа сәттілік тәлейміз. Әр топ капитаны өз тобын таныстыра отырып, кезекті бірінші сайыс Физика жайлы лирика кезеңін бастасын.
топтар сайысқа тседі ..........
........................................................





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет