- Оқушыларды түгелдеу;
- Оқушылардың зейінін сабаққа аударту;
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «Шаттық шеңбер» әдісін қолдану арқылы оқушылар бір-біріне жүрек жылуын сыйлап, әр оқушы бір-біріне мейірімді, қайырымды, жылы сезімге толы екенін, жақсылықтың бәрі жүректен шығатынын жеткізу.
Үй тапсырмасын пысықтау.
«Сұрақ-жауап» және «Сәйкестендіру» әдісі
Жеке, жұптық жұмыс
Scratch программалау ортасында неше блок бар? (10)
Қандай блоктарды білесіңдер? (Қозғалыс, түр, дыбыс, қылқалам, оқиғалар, басқару, сенсорлар, операторлар, мәліметтер)
Блоктар палитрасы деген не? (Блоктар топтамасын суретші палитрасындағы бояу текшелерге ұқсас болғандықтан блоктар палитрасы деп атайды)
Дискриптор:
- Сұрақтарға дұрыс жауап береді;
- Сәйкестендіру парағын дұрыс ретімен орналастырады;
Слайд
Таратпа қағаздар
|
Сабақтың ортасы
11-30 минут
|
Жаңа сабақ
Сурет, графика арқылы берілген кез келген ақпарат жеңіл, оңай игеріледі. Сондықтан Scratch программасында жұмыс істегенде кез келген бейнені графикалық мүмкіндіктерді қолдану арқылы алуан түрлі етіп көрсетуге мүмкіндік болады.
Программалау ортасында нысандарды спрайт(ағылш. Sprite – кейіпкер) деп, кеңістігін сахна, олардың іс-әрекет ретін скрипт деп атайды. Программаны алғаш іске қосқан кезде автоматты түрде Спрайт1 атауымен мысық спрайты құрылады. Оның орнына басқа спрайттарды жаңа нысан батырмасының көмегімен спрайттар кітапханасынан графикалық редакторда суретін салу, файлдан жүктеу, камерадан алу арқылы енгізуге болады. Спрайттар кітапханасынан таңдап алынған категория бойынша қажетті спрайтты ерекшелеп, ОК батырмасын шертеміз. Кез келген жобаны дайындау барысында фондар кітапханасынан қажетті фонды таңдап алуға болады.
Scratch программалау ортасының терезесінің жоғары жағында нысанды өңдеу батырмалары орналасқан.
Штамп құралы, көшірме (дубликат) алу;
Қиып алу құралы;
Нысанның өлшемін үлкейту;
Нысанның өлшемін кішірейту;
Көмек.
|
Достарыңызбен бөлісу: |