Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты шифрлау Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет2/4
Дата11.03.2024
өлшемі3.49 Mb.
#495040
түріСабақ
1   2   3   4
Дильбара

«Түртіп ал» әдісі
Шифрлау дегеніміз- құпия ақпаратты бөтен адамдардың оқуына жол бермейтіндей етіп өзгерту.
Мәтіндерді шифрлаған адам оны кері қарай өз қалпына қайтару жолын да ойластырып отырған. Шифрланған /кодталған/ мәтінді бастапқы қалпына келтіруды дешифрлау /декодтау/ деп аталған.
Алфавит –белгілі бір тілде жазылған кез келген ақпаратты құрастырып, кодтау үшін пайдаланылатын символдар.
Ақпаратты кодтау әдістері:



Морзе әліппесі. Бұл әліппеде әрбір әріп немесе символ ұзын және қысқа сызбалар немесе сигналдармен алмастырылады.
Цезарь шифры. Әріп көрсетілген позиция санына сәйкес оның оң немесе сол жағында тұрған басқа әріпке ауыстырылады.
Брайль қарпі (коды). Мұнда әрбір символ немесе әріп дөңестік арқылы кодталады. Бұл кодты көзі көрмейтін адамдар пайдаланады. Дөңестіктерді саусақтармен сипау арқылы әріп немесе таңба анықталады.


Пошта индексін кодтау. Ол сандардың арнайы жазылуымен жасалады.
Штрихкодтар. Бұл әдіс ақпаратты кодтау үшін кезектесетін жолақтар жиынтығын пайдаланады (жолақтардың қалыңдығы және олардың арасындағы қашықтық әртүрлі).

Ақпарат арнайы сканерлермен оқылады.


QR-кодтар. Кодтау негізінде арнайы түрде ұйымдастырылған графикалық кескін пайдаланылады.
Ақпарат ұялы телефонның бейне-камерасы немесе басқа құрылғы арқылы оқылуы мүмкін. Алынған ақпарат сілтеме бойынша пайдаланушыны қажетті интернет ресурсына жібереді.
Жалауша әліппесі. Ақпарат жалаушалары бар адам қолдарының арнайы орналасуы арқылы кодталады.

Әдетте оны теңізшілер пайдаланады.


Қажет болса, сен өзіңнің жеке кодыңды және ақпаратты кодтау мен шифрлау әдісін ойлап таба аласың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет