Сабақтың тақырыбы. Ақпараттық технологияларды дамытудағы қазіргі заманғы процестер



бет8/22
Дата10.11.2022
өлшемі1.74 Mb.
#464485
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Саб жоспар2022




Оқытушы __________________Сопбекова М.

«БЕКІТЕМІН» Директордың ОІЖ орынбасары: ________________Е. Билалов



Тобы

Ф-50

А-51

Аэ-52

Т-53

Тұ-54

Д-55

Ет-56

Э-57

Айы/күні



























Пән: Информатика

Колледж: №16
Мұғалімнің аты-жөні: Сопбекова М.




Пән: Информатика

Колледж: №16
Мұғалімнің аты-жөні: Сопбекова М.




Бөлім атауы

2 бөлім. Деректерді ұсыну



















































































































Сабақтың 
тақырыбы

Деректер қорының негізгі ұғымдары.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

3.3.1 «Реляциялық деректер қоры» ұғымын түсіну
3.3.2 Өріс, жазба, индекс терминдерінің анықтамаларын тұжырымдау



Сабақтың мақсаттары

“Реляциялық деректер қоры” ұғымын түсіндіру
Өріс, жазба, индекс терминдерінің анықтамаларын құрастыру.



Бағалау
критерийлері

Білу және түсіну:
- Деректер Қоры және ДҚБЖ ұғымын біледі;
- ДҚБЖ «Access» қолданылатын ДҚ түрлерін біледі
- Деректер қорының өрістерінің типтерін дұрыс анықтай алады

Тілдік мақсаты

Пәнге қатысты лексика және терминология:
деректер қоры-база данных-date base, өріс-поле-field
Негізгі сөздер тіркестер: реляциондық деректер

Құндылықтарға баулу

- Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
- Академиялық адалдық принциптерін сақтауға негізделген басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу.

Пәнаралық
байланыс

Орыс тілі, ағылшын тілі (шетел тілі)

Алдыңғы білім

Компьютердің логикалық элементтері туралы білімі бар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер



Ресурстар

Сабақтың басы
(7- минут)


Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабаққа зейінін шоғырландыру, жағымды психологиялық ахуал орнату.
Студенттердің назарын сабаққа аудару барысында 
«Менің есімім» әдісі арқылы студенттер кезекпен өз есімін атап, есімінің бас әрпімен басталатын мінезін, келбетін суреттейтін жағымды сөздер айтып, сабақты жағымды көңіл күймен бастайды.


АКТ технологияны пайдалану арқылы «learningApps.org» сервисінің көмегімен тест аламын.
Үй тапсырмасы бойынша тест сұрақтары:
1. Логикалық элемент дегеніміз не?
2. Компьютердің қандай құрылғылары логикалық элементтер негізінде жасалады?
3. Логикалық элементтердің қандай түрлері бар?
4. Конъюнктор қайда қолданылады?
5. Дизъюнктор қайда қолданылады?
6. Инвертор деген не?
Жауаптары:
1.Логикалық функциялардың біреуін орындайтын электронды құрылғы.
2. Компьютердің процессорымен жедел
жадысы негізгі логикалық элементтер негізінде жасалады.
3. Логикалық элементтердің 3 түрі бар - конъюнктор, дизъюнктор, инвертор
4. КОНЪЮНКТОР конъюнкция логикалық көбейту операциясын орындайды.
5. ДИЗЪЮНКТОР дизъюнкция логикалық қосынды операциясын орындайды.
6. Инвертор - терістеу операциясын орындайды.

«learning Apps.org» сервисі




Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ
(15-минут)



Жаңа тақырыпқа кіріспе.
Слайдпен ДҚ байланысты бірнеше сурет көрсету:

Жаңа сабақты ашу мақсатында студенттердің ойлау жүйріктігін анықтау үшін тақырыпқа байланысты «Миға шабуыл» әдісі бойынша суреттер көрсету. 
Топқа сұрақ қою: Мына суреттер бойынша сабақ тақырыбы қандай болуы мүмкін?
Студенттер ауызша өз нұсқаларын ұсынады.


Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың тақырыбы: «Деректер қорының негізгі ұғымдары»
Студенттерді сабақ тақырыбы мен оның мақсаттарымен таныстыру
«Көрсетілім» әдісі. Студенттерге жаңа тақырып бойынша бейнефильм көрсету.
Керекті мағлұматтарды дәптерлеріне жазады.

Деректер көлемі үлкен болса, деректер қорында негізгі қажетті деректерді сақтай отырып, оларды қалаған уақытта сұрау салу арқылы пайдалануға болады.

Деректердің арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың келесі түрлері бар:

  1. Иерархиялық ДҚ;

  2. Желілік ДҚ;

  3. Реляциялық ДҚ.


Келесі түсініктемелерді түсіндіру: жолдар, өрістер, өрістердің атауы.
ДҚ өрістері – бұл бір шаманың нақты қасиетін білдіретін сонымен қатар кестенің бағандары болып келеді.
ДҚ жолдары – бұл деректер қорының кестенің жолында орналасатын нақты бір нысанның қасиетіне байланысты жиынтығы болып келеді.

Презентация

Презентация


Бейнефильм



Қолдану
(6-минут)



Жаңа тақырыпты игеру
1 тапсырма
«Сөйлемді толықтыр»

  • Деректер қоры- мекеменің ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған логикалық байланысқан _________________жиынтығы.

  • Деректер қорын басқару жүйесі – дегеніміз үлкен көлемді мәліметтерді сақтау, өңдеу және іздеу үшін арналған_________________



Дескриптор
Білім алушы

  • деректер қоры ұғымын біледі, сипаттап толықтырады;

  • деректер қорын басқару жүйесін біледі, сипаттап толықтырады.

Тапсырма №2
«Сәйкестендіру тесті»




Дескриптор
Білім алушы

  • реляциялық деректер қорының анықтамасын біліп, сәйкестендіреді;

  • желілік деректер қорының анықтамасын біліп, сәйкестендіреді;

  • иерархиялық деректер қорының анықтамасын біліп, сәйкестендіреді.

Презентация

Сабақтың соңы
(5-минут)

Сабақты қортындылау үшін АКТ технологияны пайдалану арқылы «learningApps.org» сервисінің көмегімен сөзжұмбақ шешу.
Сұрақтары:

1.Компьютердің сыртқы жадында сақталатын, белгілі бір ереже бойынша ұйымдастырылған, сақталып, өңделген өзара байланысқан мәліметтер жиынтығы (Деректер)


2.Кесте түрінде ұйымдастырылған деректер базасы (реляциялық)
3.Реляциялық деректер қорындағы кестенің жолы (жазба)
4.Реляциялық деректер қорындағы баған (өріс)
5.Ақпараттарды ұйымдастыру құрылымы бойынша деректер қорының бір түрі (желілік)
6.Өрістің мәні бойынша кестеде жазбаларды автоматты сұрыптау құралы (индекс)


Үй жұмысы:
Берілген сөздерді кесте ретінде орысша және ағылшынша тілде жазу:
Деректер базасы, өріс, жазба, иерархиялық, желілік, реляциялық, баған, жол, сұраныс

Үлгі


қазақша

орысша

ағылшынша

Деректер базасы

База данных

Database













«learning Apps.org» сервисі


Бағалау
(2–минут)



Рефлексия
Студенттер Google Jamboard онлайн тақтасы арқылы стикерлерді (stickies) пайдаланып, келесі сұрақтарға жауап береді.
- Қандай қиыншылықтар болды?
- Бүгінгі күні сабақтан не үйрендік?



Google Jamboard онлайн тақтасы

Дифференциация – Сіз студенттерге көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Бағалау – студенттердің материалды ұғыну деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы



Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.
Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.
Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін студенттер нені үйренді? Топтағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Бағалау әр студенттің орындаған тапсырмалары бойынша жүргізіледі. Тапсырма қалыптастырушы бағалау ретінде жүзеге асады.

Сабақ басында қарастырылған оқытудың белсенді әдістері.
Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы

  • Тәртіпті, тазалықты, техника қауіпсіздігі ережесін сақтау;

  • Оқытушының ұсынысымен жұмыс орнына жайғасу;

  • Оқытушы айқындап берген қызмет түрімен ғана айналысу;

Экранның ортасынан студенттің көзіне дейінгі қашықтық 60 см. төмен болмауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет