Шайға немесе кофеге арналған үгілмелі печенье Шайға немесе кофеге арналған үгілмелі печенье - Сарыуызды құмшекерге езеді, одан кейін май араластырады, ваниль қосады, ұнға араластырады, жақсылап илеп, арнаулы тетікпен (қамыр кескішпен) немесе нышақпен кесіп, печенье жасайды. Печеньені қаңылтыр табаға салады және температурасы 200С-тан аспайтын духовкада 12—15 мин пісіреді. Әр печеньені қалақшамен немесе жалпақ пышақпен ептеп алады. Піскеннен кейін печеньеге ваниль араластырылған қант себуге болады.
- 200 г сары майға (немесе кілегей маргариніне): екі жұмыртқаның сарыуызы, 2 ас қасық құмшекер, 2 стақан бидай ұны және 1/4 ваниль ұнтағы керек. «Кәрзеңке» пирожныйы үшін де қамырды осылай әзірлейді, тек қамырға көпіршітілген бір жұмыртқаның ақуызын қосады. Қамырды үлкендігі грек жаңғағындай етіп жазып, одан соң арнаулы шағын формаларға келтіреді. «Кәрзеңкенің» ішіне крем, қайнатпа, желе салуға болады.
Ішіне жаңғақ салынған «кәрзеңке» Ішіне жаңғақ салынған «кәрзеңке» - Формаға май жағып, ұн себеді де, салқын жерге қояды. Үгілмелі қамыр әзірлейді, оны формаларға толтырады, духовкаға қойып, аздап пісіреді. Духовкадан алып, салқындатады. Одан соң үстіне жаңғақ пен жұмыртқаны және қантты ет тартқыштан өткізіп, әзірленген массаны қосады (форманы шетіне дейін толтырмау керек, өйткені пісірген кезде масса көтеріледі).
- Ішіне тартым толтырылған «кәрзеңкелер» тағы да оты баяу жанған духовкаға қойылады. Даяр болғанын жіңішке ағаш таяқшамен түйреп анықтайды, онымен жаңғақ массасын тесіп көреді: егер таяқшаға жұқпаса, онда пирожныйдың даяр болғаны. Форманы сүлгіге аударып салып, пирожныйды ыстық күйінде алады.
- Тартым үшін: 100 г қант, 1 жұмыртқа, 100 г ұсақталған жаңғақ қажет.
Шие пайы Шие пайы - Ұнды тұз бен ас содасына араластырады. Құмшекерді, жұмыртқа мен майды езіп, қаймақтан араластырады, біртіндеп ұн сеуіп қамыр илейді. Даяр қамырдай ернеуі бар формада биіктігін 2—3 см етіп шелпек жасайды. Қамыр әзірленгенге дейін жас шиенің (500 г) дәнін алады.
- Шиені шелпекке салып, қаймақты крем құнды да, бірден ыстық духовкада пісіреді. Қамыр үшін: 450 г бидай ұны (2.5 стақан), 200 г сары май, 200 г қаймақ, 200 г құмшекер, 2 жұмыртқа, жарты шай қасық сода, талғамына қарай — тұз бен ваниль салады.
- Крем үшін: 400 г қаймақты көпіршітіп, 200 г құмшекермен және 1 ас қасық картоп ұнымен біртіндеп араластырады.
Достарыңызбен бөлісу: |