Жаңғақ печеньесі - Сарыуызды құмшекермен езеді, жаңғаққа араластырады, ұн қосады да, көпіршітілген ақуызбен араластырады. Содан кейін тақтайға салып, енін 3 см етіп, шұжық жасайды да, оларды 11/2 сантиметрден тілімден кесіп, май жағылған табаққа салады, әр тілімді кесек жаңғақпен әшекейлейді. 180—200С емпературадағы духовкада 20—25 минут пісіреді. 1-1/2 стақан жаңғаққа: 180 г құмшекер, 2-1/2 ас қасық ұн, 3 жұмыртқа қажет.
Шоколад кремді жаңғақ торты Шоколад кремді жаңғақ торты - 9 жұмыртқа, 2 ас қасық су, 10 ас қасық құмшекер, 10 ас қасық уатылған жаңғақ, 4 ас қасық келтірілген нан ұнтағы керек. Қамырлы даярлап, формала пісіреді. Тортсалқындаған кезде өткір пышақпен екіге бөліп кеседі, сироппен шылайды:1/3 стақан құмшекерді 1/2 стақан ыстық суға ерітеді, салқындатып, арақ немесе коньяк (2—3 ас қасық) қосады, Тортқа әуелі екі жақ бетіне, содан кейін үсті мен шеттеріне крем жағады, кремді арнаулы формадан немесе пергаментті қағаздан жасалған, шеттері тіс тәрізді болып қиылған түтіктен торттың үстіне себелеп, әшекейлейді. Кремі бар жұмсақ малға крем қалай әзірленсе бұған да солай әзірленіп, 5—6 шай қасық какао қосылады.
Апельсин торты Апельсин торты - Бір апельсинді (аршылмаған) пісіреді. Ол шырпы оңай кіретіндей болып әбден жұмсарған кезде ұрығын алады. Қабықты апельсинді саздан жасалған мискаға салып үгеді, 4 сарыуызды 8 ас қасық құмшекермен ағарғанша үгіп езеді, үгілген апельсинмен араластырады, 1/2 стақан кептірілген нан ұйтағы мен және көпіршітілген 4 ақуызбенараластырады. Содан кейін формаға құяды да пісіреді. Торт даяр болған кезде (ол әлі жылы) үсті мен шеттеріне апельсин кремін жарады, шоколад кесектерімен, жаңғақтармен әшекейлейді. Бұл тортты тұтынбастан бір күн бұрын жасаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |