Антоновка алмасын қосқан бәліш - Шие пайына арналған сияқты қамырдай Антоновка алмасы салынған бәліш жасауға болады. Ол үшін қамырлы қақ бөліп, 2 шелпек жасау керек.
- Бір шелпекке көпіршітілген ақуыз жағыл, оған құмшекер мен лимон цедрасына араластырылған туралған алма салады, алманың қабығын аршымай, тек өзегін алу керек, екінші шелпекпен үстін жауып, көліршітілген сарыуыз жағалы. Қамыр әзірлеген кезде оған екі жұмыртқаның сарыуызын, 1 ақуыз салады, екінші ақуызды шелпекті майлау үшін көпіршітеді. Жылы бәлішке аздап сары май жағыл, ваниль араластырылған қант ұнтағыш себеді.
- Тартым үшін: 5 антоновка алмасы (600 г), жарты стакан құмшекер, бір лимонның цедрасы қажет.
Лимон пайы Лимон пайы - Май мен ұнды бұлғайды, құмшекер, тұз, сода, қаймақ қосады да қамыр илейді. Оны биіктігі 2 см етіп, ернеуінен келтіріп формаға салады. Жайманың бірнеше жерін шанышқымен теседі де, пісіреді (ақшыл қызғылт түске енгенге дейін). Қамырдай формаға келтіріп, пісірілген бәлішке былайша әзірленген крем толтырады: сарыуызды құмшекер қосып езеді, лимон шырыны, цедра және картоп ұнын қосып, бәрін жақсылап араластырып, салқын сумен (жарты стақан) сұйылтады. Одан кейін массаға қайнаған су құйып, үнемі араластыра отырып, крем қойылтылғанға дейін баяу жанған отқа қойып пісіреді. Қамырдай пісірілген формаға салқын крем толтырылады. Ақуызды қант ұнтағын қосып көпіртеді, 1 шай қасық лимон шырынымен араластырады да, кремнің үстіне салып, пышақпен тегістейді немесе әшекейлейді, бетін жылтыратып, қызартып пісіру үшін онша ыстық емес духовкаға қояды.
Шайға арналған құрғақ печенье (шоколад) - Шайға арналған құрғақ печенье (шоколад)
- Сарыуызды құмшекер мен майға езеді, бір шөкім тұз, лимон шырынын, ұн қосады да, қамырлы илейді. Қамырлы жұқалап (1 /2 см) жазады, май жағылған қаңылтыр табаға салады да, шала пісіріп алады.
- 1 стакан ұнға: 100 г сары май, 1 сарыуыз, 1 ас қасық құмшекер, 1 лимонның шырыны, тұзды дәміне енгенше салады. Ақуыз, құмшекер, түйілген бадам немесе грек жаңғағын, шоколадты араластырып баяу жанған отқа қояды, масса қойылғанға дейін араластырады. Алынған массаны қамырдың жартылай салқындап, жартылай пісірілген жаймамен жабады да, печеньенің үсті құрғағанға дейін духовкаға салып пісіреді. Одан соң шаршы, тік бұрыш немесе қиықша (қалауы бойынша) етіп кеседі. Жаңғақ және мейіз салып келтірілген нан.
Майды құмшекермен езеді де, біртіндеп көпіртеді, кефирге немесе қаймаққа жұмыртқаны, сода қосып араластырып, ұн салады да қамыр илейді, ірілеу уатылған жаңғақ пен мейіз қосады. Ені 4—5 см, қалыңдығы 2 см шұжық жасап, 200—220С температурада 20—25 минут пісіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |