Сабақтың тақырыбы Астана қаласына саяхат Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет2/4
Дата01.12.2023
өлшемі296.39 Kb.
#485124
түріСабақ
1   2   3   4
Астана қаласына саяхат 2-сабақ

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар




Сабақтың басы
2 мин

3 мин

5 мин

6-7 мин


Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Үй жұмысын тексеру.
Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырады.
Оқушыларға суреттер беріледі, суреттер бойынша мәтінді божайды, тірек-сөздер жазады
Тыңдалым алды тапсырмасы
Әр топқа бір сөзден беріледі. Төменде берілген сөздерді қатыстырып, тақырыпқа байланысты сөз тіркестерін құрау (мұғалім сынып ерекшелігіне, т.б. себептерге байланысты сөздерді өзгертіп қолдана алады):
көрікті – (көрікті ғимарат,)
ғажайып – (ғажайып үй)
зәулім – (зәулім кешен)
әсем – (әсем қала)
қарқынды - (қарқынды өсу)
Тыңдалым кезіндегі тапсырма
Мәтінді тыңдайды,«Ойлан. Талқыла. Бөліс» әдісі арқылы топта талқылап бірін-бірі толықтырады
Мәтіннен ғимараттардың аттарын жазып алады.
(Мәтіндегі ғимарат аттары: «Бәйтерек» монументі, «Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығы, Бейбітшілік және Келісім сарайы, «Думан» сауық орталығының океанариумы, астаналық цирк, «Мәңгілі ел» аркасы, Қазақстанның Ұлттық музейі, Әзірет Сұлтан мешіті, «Нұржол» бульвары, «Астана Опера» опера және балет театры).
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
Жұптық жұмыс
дайын тіркестер мен сөз тіркестерін қолданып диалог құрыңыздар.
көрікті ғимарат, төрткүл дүние, Астана қаласы, болашақтың қаласы
Үлгі сұрақтар:
- Астанада балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамытатын қандай орталықтар салынды?
- Астанада құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Болашақта осы құрылыстар қоршаған ортаға әсер етпей ме?
- Сіз Астана қаласының 50 жылдан кейінгі көрінісін қалай елестетесіз?

Сабаққа кажетті кұралдарды дайындайды.
Оқушылар бұл тапсырманы топпен орындайды
Мәтіннен ғимараттардың аттарын жазып алады
Мәтінді талқылайды
Оқушылар Астана қаласының әкімі немесе бас архитекторымен кездескен жағдайда бас қаланың қазіргі құрылысы, көркеюі, дамуы аясында пікірлесуге дайындалады, сұрақтар әзірлейді.
Оқушылар «қала әкіміне (бас архитекторға)» кезекпен өз сұрақтарын қойып, журналист пен архитекторлың диалогын құрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет