Сабақтың басы
3 минут
2 минут
|
Психологиялық ахуал
«Жүректен жүрекке» тренингі.
Оқушылар ортаға шығып, қол ұстасып, бір-біріне жылы тілектер мен лебіздер білдіреді.
Мысалы:
-Мен саған бақыт тілеймін
-Көп рахмет.
Мақсаты:
Оқушылардың сабаққа деген жайлы психологиялық көзқарасын туғызу, өзара сыйластыққа, бірлікке шақыру
Тиімділігі:
Оқушыладың тілдік дағдыларын дамытады, бірлесіп жұмыс жасауына оң ықпалын тигізеді.
« Ой шақыру» әдісі.
сабақтың тақырыбы қалай деп ойлайсыздар?
Осы сұрақтар арқылы сабақ тақырыбын анықтап, оқушылармен бірлесіп сабақ мақсаттарын белгілейміз.
Мақсаты: «Ой шақыру» әдісі арқылы сабақ тақырыбын өз беттерімен анықтауға итермелеу, ойлау қабілеттерін шоғырландыру
Тиімділігі: оқушылар ізденеді, ойланады, тілдік дағыдыларын жетілдіреді
|
Әуен
|
|
|
Сабақтың ортасы
5 минут
Белсенді әдіс-тәсіл № 1
5 минут
10 минут.
2 минут
|
Тыңдалымалды дайындық.
Сөздікпен жұмыс
«Шымылдық» әдісі
Жаңа сөздерді екі рет дауыстап оқимын
Оқушылар хормен және кейбіреуі жеке қайталайды
Жұпта бір-біріне қайталап айтады
«Шымылдыққа» сөздерді жасырып, оқушылардан сұраймын.
ІІІ.Жаңа тақырып. Сын есім. Заттың түр-түсін, сапасын, сипатын, салмағын, көлемін, дәмін, иісін білдіретін сөз табы сын есім деп аталады. Сын есім «қандай?», «қай?» де-ген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: үлкен — қандай? ойлы — қандай? Сын есім негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінеді. Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалатын сын есімді негізгі сын есім дейді. Мысалы: қара, таза, биік. Басқа сөздерден жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз. Мысалы: кеш+кі, ауыл+дық.
Мағынасына қарай сын есім сапалық және қатыстық сын есім болып екіге бөлінеді. Сапалық сын есім заттың түрін, түсін тікелей анықтап, негіз-гі түбір сын есімнен жасалады. Мысалы: көк (шөп), жақсы (адам). Зат есім, есімдік, етістік, үстеуге сын есім тудыратын жұрнақтар жалғанып, туынды сын есім жасалады. Оны қатыстық сын есім дейміз. Мысалы: ауыл+дық (жер), өнер+лі (бала).
Сын есім зат есімнің алдынан келеді. Мысалы: биік шың, аласа тау, ақ қар.
Сын есім септелмейді, тәуелденбейді, көптелмейді. Сын есім септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын қабылдаса, зат есімге айналады. Мысалы: үлкенге — кімге? сын есім + ге (барыс септігінің жалғауы).
Сын есімге тән қосымшалар — шырай жұрнақтары. Олар: -лау/-леу, -дау/-деу, -тау/-теу, -рақ/-рек, -ырақ/-ірек.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
1-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып қой.
Қазақта «Ауылым — алтын бесігім» деген сөз бар. Әркімге өзінің туған жері — жерұйық. Біздің дүниеде жалғыз еліміз, жеріміз бар. Ол — Қазақ елі. Жалғыз Отанымыз — Қазақстан. Отаныңды сүю, Отаныңа де-ген сүйіспеншілік отбасыңнан, кіндік қаның тамған жерден, ұшқан алтын ұяңнан басталады. Менің де ұшқан ұям — дәл осы жер. Балалық шағы өткен жерін адам еш уақытта ұмытпайды. Ауыл — біздің табан тірер жеріміз, тұғырымыз. Ауыл — халық руханиятының алтын діңгегі.
Дескриптор 1. Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтінге тақырып қой. Заттың түр-түсін, сапасын білдіретін сөздерді жазып, осы сөздерді қатыстырып 1-2 сөйлем жазыңыз. 3. Семантикалық картаны толтырыңыз. (мәтіннен жалғау қосылған сөздерді теріп жазып оларды түрлері бойынша семантикалық картаға орналастырыңыз).
Бағалау кртерийі
1.Мәтінді түсініп оқи алады.
2.Заттың түр-түсін, сапасын білдіретін сөздерді таба алады.
2.1.Сөздерге қатысты сұрақтар қоя біледі. 3.Жалғау ерекшелігіне сәйкес дұрыс жаза алады
Қалыптастырушы бағалау :
Қошемет,қолдау,бағыттау сөздері арқылы бағаланады: «Жарайсыңдар!», «Керемет», «Өте жақсы жауап бере білдіңдер!».
|
Үлестірмелі материалдар
|
|
|
Саралау – Сіз қандай тәсіл мен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларғақандай тапсырмалар бересіз?
|
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін
қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Бағалау критерийлеріне сәйкес өзіндік бағалау , өзара бағалау дескрипторлар бойынша жәй сабақ соңында « плюс,минус, қызықты» әдісі бойынша бағалауды жоспарладым. Бұл бағалау әдістері оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруге тиімді
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
денсаулықтарын сабақта сергіту сәті және доппен ойын арқылы сақтау, АКт сабақта 10 минут қоданылады.
|
|