Сабақтың тақырыбы Қауіпсіздік ережесі Денсаулық туралы жалпы түсінік



бет60/125
Дата21.02.2023
өлшемі3.23 Mb.
#469853
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   125
2 сынып ҚМЖ

Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы



Қауіпсіздік ережесі Белсенді қозғалыс және төзімділік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір негізгі жолдарын анықтайды
2.3.3.1 Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы өзгерістерін қалай бақылайтынын біледі.

Сабақтың мақсаты



Эстафеталар, біріккен ойындар барысында әр-түрлі жаттығулар жинағын орындау, қимыл-қозғалыс дамуына ықпал ететін қарапайым жаттығуларды белсенді орындау.

Бағалау критерииі

Қозғалыс қызметінде белсенді қимылдайды, эстафеталар, біріккен ойындар барысында қимыл-қозғалыстың пайдасын талқылайды және сипаттайды.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Уақытты жоспарлау:
Дайындық бөлім: 8-10 мин.
Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу.
Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.
Қатардағы жаттығулар. Оңға, солға бұрылулар.
Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Шеңберге тұру.
Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған жалпы дамыту жаттығуларды орындау. Буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға дайындау.

Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ

Тренинг жазылған парақшалар

Ортасы

(К, Г, Ф) «Шырша бүршіктері, емен жаңғақтары, жаңғақтар»
Ойыншылар шеңбер жасайды. Шеңбердің ортасында жүргізуші тұрады, ал қалғандары үшке бөлініп, бір-біріне беттерімен қарап ортаға тұрады (бірінші нөмір — жүргізушіден үш-төрт қадамда). Жетекші (оқушы болуы да мүмкін) барлық ойыншыларға атауларды береді: бірінші үштік «шырша бүршіктері», екіншісі «емен жаңғақтары», үшіншісі «жаңғақтар». Белгі бойынша жүргізуші дауыстап атауларын атай бастайды, мысалы: «Жаңғақтар». «Жаңғақ» деп аталған барлық ойыншылар орындарын ауыстырулары қажет, ал жүргізуші бос қалған орынға жүгіреді. Егер бұл ойы жүзеге асса, онда орынсыз қалған ойыншы жүргізушіге айналады. Егер жүргізуші «Емен жаңғақтары» десе, үштікте тұрғандар екінші болып, «Шырша бүршіктері» десе, үштікте тұрғандар бірінші болып ауысады. Ойын меңгерілгеннен соң, жүргізушіге үштіктен екі немесе тіпті үш ойыншыны шақыруға болады, мысалы: «емен жаңғақтары, жаңғақтар». Шақырылғандар да орындарын ауыстырады.
(Г, К, Э) «Альпинисттер». «Альпинисттердің» екі тобы сап түзеп, гимнастикалық қабырғаға қарап, одан 6-7 м аралықта тұрады. Бірінші ойыншылар мен гимнастикалық қабырға арасында білте тақтайшасы жоғары төңкерілген гимнастикалық орындықтар орнатылады. Қабырғаның шеткі аралығында гимнастикалық төсеніштер қойылады. Мұғалімнің сигналы бойынша бірінші ойыншылар гимнастикалық орындықтың білте тақтайшасы бойынша жылжи бастайды, гимнастикалық қабырғаға өтеді, оған мінеді, шеткі аралыққа дейін қабырға бойынша жылжиды және төмен түседі. Мұғалім қабырғада өрдің биіктігін алдын ала көрсетеді (кішкене лентамен, жалаушамен белгілейді). Гимнастикалық қабырғадан түскен кезде ойыншы төсеніште бормен белгіленген диаметрі 40 см шеңбер ішіндегі 70-75 см биіктікте орналасқан білте тақтайшадан секіре алады. Жерге түскен соң ойыншы сапта соңғы болып тұрады. Екінші ойыншылар алдыңғы «альпинист» жерге түскен соң бірден гимнастикалық орындық бойынша жылжи бастайды.

Төмендегі спорттық құралдардың (жеңіл атлетика барьерлері, фитбол доптары,тығыздалған доптар, конустар) көмегімен кедергілерден жүгіріп өту ойынын құрастырып, оны көрсетеді және ойындағы қиындық ережелерін үйренеді

Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау

ҚБ «Бағдаршам»


ҚБ «От шашу»



АКТ-ні пайдалану
Видеоролик көруге арналған планшет, жеңіл гимнастикалық төсеніштер,фитбол доптары
https://www.youtube.com/watch?v=FkvHN6YHHw8
https://www.youtube.com/watch?v=IknYT0Xye3g



Сабақтыңсоңы



Рефлексия







Пайдалы болды.

Қызықты идея! Есімде қалды.

Сұрағым бар.






Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет