Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет38/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

2. Бәсең, я шағын шырай
Бір белгінің өзімен бір тектес сапаның ішінде солғындығын, бәсеңдігін, шағындау реңкін білдіретін сын есімнің тұлғасы бәсең шырай деп аталады. Бұл шырай мынадай морфологиялық формалар арқылы жасалады.
1. –лау//леу, -дау//деу, -тау//теу. Тұрпайы-лау, әдепсіз-деу, жіңішке-леу, байқам-дау, ұзын-дау, пұшық-тау, дөңгелек-теу т.б.
2. –қыл//ғыл, -қылт//ғылт, -ғылтым//гілтім. Сұрғылт, дымқыл, бозғылт, қызғылтым, көкшілтім, ақшылтым т.б.
3. –шыл//шіл, -ғыш. Ақ-шыл, көк-шіл, сар-ғыш.
4. –ша//ше, -қай, -аң//ең. Қараша үй, ақша жүз, биікше төбе т.б.
3. Күшейтпелі шырай
Заттың бастапқы сапа, сындық белгісін күшейте түсетін сын есімнің туынды тұлғасы да күшейтпелі шырай болады. Бұл шырай күшейткіш үстеме буын арқылы жасалады. Тіп-тік, қып-қысқа, сап-сары, біп-биік т.б.
4. Асырмалы шырай
Сапаның, заттық белгінің бастапқы сындық қасиетін я тіпті асыра көтеріп, я тым төмендетіп көрсететін сын есім тұлғасы асырмалы шырай болып саналады. Бұл шырай негізгі кейде туынды сын есімдердің алдынан аса, өте, ең, тіпті, тым, шымқай, нағыз, нақ, ал, орасан, керемет сияқты күшейткіш үстеу сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Тіптен жақсы, тым қиын, өте ақылды т.б. Сөйтіп қазақ тілінде сондай-ақ түркі тілдерінде сын есімнің шырай категориясы синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсілдер арқылы жасалады. 1969 жылғы жоғарғы оқу орындарына арналған «Қазіргі қазақ тілі» атты курсы программасында сын есім шырайларын үш (жай, салыстырмалы, күшейтпелі шырай) түрге бөліп оқыту ұсынылған. Осылай болғанда жоғарыдағы төрт шырай былай біріктіріледі: салыстырмалы мен бәсең-шағын шырай = салыстырмалы шырай; күшейтпелі мен асырмалы = күшейтпелі шырай болып шығады. Ал жай шырай- шырай формаларын жасауға негіз болатын сапалық тұлға.
Сын есімнің субстантивтенуі
Қай тілде болсын сөз таптары арасында бір-біріне ауысу, алмасу процестері болып отырады. Мұндай процесс, әсіресе, сын есім мен зат есім, есімше арасында жиі кездеседі. Сын есімнің (сондай-ақ есімше, тұйық етістік, сын есім, үстеу) зат есімге ауысып, заттанып қоланылуы сын есімнің субстантивтенуі деп аталады. Сын есім жеке –дара қолданылмай, өзі анықтап тұратын затпен тіркесе жұмсалады. Бірақ ол кейде ол белгілі қолданылу қалпынан ауытқып, заттың атауы ретінде де жұмсала береді. Сөйтіп өзінің негізгі мағынасының үстіне заттық мағына қосылады. Бұл процесс-құбылыс мына жағдайларда көрінеді, яғни сын есім субстантивтенеді.
1. Анықталатын зат есім түсіріліп айтылып, сын есім сол түсірілген зат есімнің қызметін атқарып, заттық мағынада қолданылады. Мәселен, Бітер істің басына, жақсы келер қасынат (мақал). Көп қорқытады, терең батырады.
2. Сын есімге септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары жалғанғанда оны субстантивтендіріп, заттық мағына үстейді. Мысалы, үлкенді сыйла, алыс пен жақынды жортқан білер (мақал). Күштіге қарап тұрамын, нашарларға бұрамын (С.С.). Семья мүшесінің үлкені- осы апай, сен балалардың кішісісің т.б.
Сын есімнің заттану процесі 2 түрлі.
1. Уақытша субстантивтену. Мұнда қай сөз табы болса да, өзінің категориялық негізінен қол үзіп кетпейді. Демек, заттанған сын есім өзінің сындық мағынасынан айрылмайды, тек өз үстіне уақытша зат есім мағынасы мен қызметін жамап алады. Бұған жоғарыда келтірілген мысалдар дәлел.
2. Бүтіндеу субстантивтену. Бұл процесте сын есім зат есімге ауысып, өз бойына зат есімге тән қасиет сипаттардың бәрін жиып алады. Қарт, жас, ауру (әрі зат есім, әрі сын есім болып қызмет ететін) сөздеріне зат есімге тән жалғаулар мен жұрнақтар, сондай-ақ сын есімге тән шырай формалары еркін жалғана береді. Бұлар қоданылу ерекшеліктеріне қарай зат есім ретінде жұмсалады. Бұл- зат есімге өту алдындағы процесс. Ал бүтіндей субстантивтенген сын есімдер- Айсұлу, Қарағанды, Шиелі, Алматы, бала, балалық, Шідерті, Ақжарқын, Бұғылы, Мойынты, Өлеңті т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет