Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет2/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

Дыбыс ырғағы (высота звука). Дыбыс ырғағы уақыт мөлшерінің (уақыт мөлшеріне, әдетте, секунд өлшем ретінде алынады) ішіндегі дірілдің санына (количество колебаний) байланысты болады. Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе, дыбыстың ырғағы соғұрлым өсіп күшейе береді, керісінше, дірілдің саны азайған сайын дыбыстың ырғағы солғындап әлсірей береді. Адамның құлағы бір секунд ішіндегі 16-дан 20 000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болған дыбысты қабылдап ести алады.
Дыбыс күші (сила звука). Дыбыс күші дірілдің қарқынына байланысты болады. Егер дірілдің амплитудасы, яғни қарқыны, неғұрлым көбейе түссе, дыбыс күші де соғұрлым ұлғайып, күшейе береді. Мұны шекті аслаптардан да айқын аңғаруға болады.
Дыбыстың созылыңқылығы (длительность или долгота звука). Дыбыстың созылыңқылығы дірілдің санымен коса дыбыстың созылу уақытына (ұзақ не қысқа болуына) байланысты. Орыс тілінде екпінсіз буындағы дауысты дыбысқа карағанда, екпін түскен буындағы дауысты дыбыс созылыңқы, ашығырақ айтылады.
Дыбыс әуені (тембр звука). Дыбыс әуені туралы мәселе дыбыс дірілінің түрлерімен (типтері) байланысты. Дыбыс толқынын тудыратын дірілдің қозғалысы (колебательное движение) күрделі болады. Ол негізгі тон мен бірнеше көмекші тонның қосындысынан жасалады.
Сөйлеу тілінде әуен (тембр) туралы ұғым, ең алдымен, дауысты дыбыстар туралы мәселемен байланысты. Есту мүшесі дауысты дыбыстарды бір-бірінен әуені (тембр) жағынан ажыратады. Дауысты дыбыстарға тон тән болады да, дауыссыздарға, негізінен алғанда, салдыр тән болады.
Бақылау сұрақтары:
1.Тіл дыбыстарының жасалуы
2. Дыбыстау мүшелері және олардың қызметі.
3. Тіл дыбыстары, олардың түрлері

2 - практикалық сабақ




1.Сабақтың тақырыбы: Дыбыстау мүшелері.Тіл дыбыстарының жасалуы.Дауысты дыбыстар (вокализм)
2. Сабақтың жоспары:
1.Дауысты дыбыстар
2.Дауысты дыбыстардың жасалу жолдары
3.Дауыссыз дыбыстар
1.Дауысты дыбыстар (вокализм)
Дауысты дыбыстар (вокализм) Дауысты фонемалардың құрамы Дауысты дыбыстардың жасалуы; олардың әртүр лі артикуляция-акустикалық тұрғыдан топтасты рылуы: а) жасалу орнына (тілдің қатысына) қарай жіңішке (тіл алды), жуан (тіл арты) болып бөлінетін түрлері: қазақтың төл сөздеріндегі дауыстылардың тіл алды-жіңішке, тіл арты –жуан болып бөлінуінің жаңа мағыналы сөз жасаудағы негізгі қызметі.ә)жасалу жолына (жақтың қатысы на) қарай ашық,қысаң болып бөлінуі; жасалу тәсіліне (ерін мен езудің қатысына) қарай еріндік, езулік болып бөлінуі. Акустикасына қарай дауыстылардың айқын, көтеріңкі және бәсең, көмескі әрі аралық дыбыстар болып естілу ерекшеліктері, в) үннің ішкі сапасына қарай қазақ тілінің төл дауыстыларының жалаң және дифтонг болып бөлінетін түрлері.
Қазiргi қазақ тiлiндегi дауыстылардық саны, сапасы дейтiн мәселеге қолда бар оқулықтар мен зерттеулердiқ бiрде-бiреуi толық жауап бере алмаса керек. Сондықтан алдымен тiлiмiздегi дауыстыларды сан жағынан айқындап алу керек болады. Бiрiншiден, қазақ тiлiнiқ байырғы сөздерiнiқ құрамында тоғыз дауысты дыбыс бар екенi рас. Екiншiсi, орыс тiлiнен және орыс тiлi арқылы енген сөздердiқ дыбыстық құрамын ескеру қажет. Ескерiп қана қоймай, олардық табиғатын тереқ танып, төл дыбыстарымызбен бiрдей қарауымыз керек. ¬азiргi орыс тiлiнiқ дауыссыздары төл дыбыстарымызға айналды. Тiптi байырғы сөздерiмiздiқ өзiн в, ф, х дыбыстарымызбен айтып жүрмiз. Ал орыс тiлiнiқ дауыстыларын танып игеруде онша бiрауыздылық жоқ. Дауыстыларымыздық санындағы ала-құлалықтық өзi алдымен осымен байланысты. Егер саусақпен санарлық сөздердiқ құрамында ұшырайтын ї өз алдына дербес дыбыс деп танытатын болса, тiлiмiздегi мықдаған сөздердiқ құрамында кездесетiн орыс тiлi дауыстыларынық әрқайсысы фонетикамыздан өз паспорттарын алатын уақыт жеттi. Сондықтан да қазiргi қазақ тiлiнiқ дыбыс жүйесi сөз болған кезде оларға да лайықты орын берiлуге тиiс. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала: "Дауысты дыбыстар мыналар: а, ә, е, е, и, ө, о, у, ү, ұ, ы, i, э, ю, я" – деп үйренедi. "Бүлардық iшiнде орыс тiлiнен енген дауыстылар мыналар: э, ю, я, е". Сонда орыс тiлiнде қанша дауысты фонема болғаны? Орыс тiлiнiқ академиялық Граммтикасынық айтуынша негiзгi дауысты фонемалар: и, у, е, а, о. Рас, бiрсыпыра оқулық, зерттеулерде бұларға ы дыбысын да қосады. Әлгi аталған грамматикада мұнық өз алдына фонема бола алмайтындығы, тек и фонемасынық бiр түрi ғана екенi айтылған. Орыс тiлiндегi дауыстылар сан жағынан аз болғанмен, сапа жағынан аса күрделi. ¬азақ тiлiнiқ байырғы дауыстыларынан ерекшелiгi – олардық дауыссыз дыбыстарға тәуелдi болып, солардық жетегiнде кететiндiгi, бiр дауыстынық бiрнеше сапаға ие болатындығы. Мәселен, бiр ғана а фонемасы екпiннiқ түсуiне, екпiндi буыннан арақашықтығына, дауыссыздардық жуан жiқiшке түрлерiмен қатар тұруына қарай он шақты сапаға ие болады. Егер орыс тiлi арқылы енген сөздердiқ айтылуын дұрыс меқгеремiз десек, дауыстылардық осы қасиетiн танып бiлуiмiз керек-ақ. Орыс тiлiндегi екпiн түсiп тұрған а, о, э дыбыстарыныққазақ тiлiндегi а, о, е дыбыстарына азды көптi ұқсастығы бар. Сондықтан да оларды қосып қарауға болады десек, ал и, у дыбыстарынық табиғаты бөлектеу, орыс тiлiне ғана тән дауыстылар деп бiлген жөн.
И -қысақ, езулiк монофтонг. Ол тек жiқiшке айтылады. қазiргi кезде жастардық арасында байырғы сөздерiмiзде кездесетiн и әрпiн орынсыз жiқiшке айту тенденциясы байқалып жүр. Мұнық өзi орыс тiлiндегi и-дiқ әсерi болса керек. ¬азақ тiлiнде ол iй – ге жуық айтылатын сияқты болғанымен , дұрысы онық өз қалпын сақтауға тырысқан жөн.
У – дыбысы да қысақ монофтонг. Бiрақ ерiндiк, жуан. Мүны меқгеру қиындақ келтiрмейдi. ¬азақ тiлiнде ол ұу-ға жуықтайды. Орыс тiлiнде қазақ тiлiндегiдей е дыбысы және осыған жуық дыбысталатын э бар. Ерекшелiгi е-нiқ алдынан әнтек й (йе) айтылады. Э-де ол жоқ. Онық үстiне э – аздап ашықтау. Бiрақ оларда фонематикалық қасиет жоқ. Сондықтан бiр-ақ фонема деп танылады. ¬азiргi кезде ерiн үндестiгiне мән бермеудiқ салдарынан екiншi буында ө айтылатын жерде э дыбысынық қалыптасып келе жатқанын ақғару қиын емес. Бұл – әсiресежастардық тiлiнде көбiрек байқалатын құбылыс. Мысалы, өлэқ, өзэн, өнэр, үлкэн, бөлэк, түлэк т.б. Бүлай болатын, ерiндiк буыннан кейiн езулiк, қысақ е дыбысын анық айту өте қиын. Ал э өзiнiқ жартылай ашықтығынық арқасында айтуды жеқiлдетедi. Орыс тiлiнде ы фонема ретiнде толық танылып болған жоқ дедiк. Оны и – дiқ жуан түрi ғана деп қарау бар.
Екiншiден, қазақ тiлiнде бұл кездесетiн сөздер әзiрге өте аз. Мәселен, орфографиялық сөздiкте музыка, монастырь, цыган деген сияқты бiрер сөз ғана кездеседi. Үшiншiден, қазақ тiлiндегi ы және й дыбыстары бiрiгiп осы ы - ға жуық дыбысталады. Салыстырқыз мы (бiз) – мый (жазылуы). Ты (сен) - тый (жазылуы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет