Сабақтың тақырыбы: Қазақстан туризмі. Тыныс белгілердің қабаттасып қолданылуы


-тапсырма. Берілген мәтін үзіндісін оқып, өз ой-пікіріңді жаз



бет2/3
Дата27.04.2023
өлшемі1.24 Mb.
#472904
түріСабақ
1   2   3
9-сабақ. Қазақстан туризмі. Тыныс белгілердің қабаттасып қойылуы

.



1-тапсырма. Берілген мәтін үзіндісін оқып, өз ой-пікіріңді жаз.
Біздің елімізде туризм дамитын болса, онда көптеген жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік туар еді. Туризмнің дамуы мемлекет есебіне кіріс әкеліп, жергілікті халықтың өмір сүру деңгейіне ықпал етеді. Шағын ауылдар кентке айналып, қарқынды дамиды. Мәдени орталықтар көбейіп, мәдени құндылықтар қайта жаңғырады. Сондай-ақ ауылшаруалық тағамдары мен жергілікті халықтың қолөнеріне сұраныс артады. Сұраныс артқан жерде даму болады.
● Мәтін үзіндісін оқып, ой-пікірін жазады.

.


Өзіңді тексер. Ықтимал жауап. Берілген мәтінді оқып, өз ой-пікіріңді жаз.
Құс қанаты талатын, әлемде көлемі жағынан тоғызыншы орын алатын Қазақстанда туризмді дамытуға әлеует жеткілікті деп ойлаймын. Кең байтақ қазақ жерінде табиғаттың өзі бере салған шұрайлы өлке, көркем келбетімен тамсандыра алатын тұмса табиғат аз емес. Атап айтар болсам, Бурабай, Баянауыл, Ұлытау бөктері, Шарын шатқалы, бүкіл түркі жұртының рухани астанасы саналатын Түркістан аймағы, Ақсу-Жабағылы, және басқа да жасыл өлкелер мен көрнекті орындар туризмнің ошағына айналуға лайық құтты мекендер екені рас. Аталған өлкелер туристік дамудың даңғыл жолына түссе, еліміздің экономикасылық өсуіне ықпал етіп, халықтың тұрмысы жақсарып, жұмыссыздық азаяр еді.
● Мәтін үзіндісін оқып, ой-пікірін жазады.

1-тапсырма. Берілген өйлемдерді тыныс белгілерімен сәйкестендіріңіз.


Сөйлемдер
Тыныс белгісі
Осындай да ашкөздік бола ма екен
- Бұл, шынымен, баяғы Алаша Аталықтың асында алпыс аттан озып келетін торы ат па
- Балықтың сорпасы – деді ол қалтыраған қолымен тізесін ұстап.
Жер
Шіркін, Жер-Ананың қадірін кім біледі?!
?..
?!
!?
!..
● Сөйлемдердің тыныс белгілерін сәйкестендіреді.

Өзіңді тексер. Берілген өйлемдерді тыныс белгілерімен сәйкестендіріңіз.


Сөйлемдер
Тыныс белгісі
Осындай да ашкөздік бола ма екен?!
- Бұл, шынымен, баяғы Алаша Аталықтың асында алпыс аттан озып келетін торы ат па!?
- Балықтың сорпасы?.. – деді ол қалтыраған қолымен тізесін ұстап.
Жер!..
Шіркін, Жер-Ананың қадірін кім біледі?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет