Сабақтың кезеңі/ уақыты
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
3 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Топқа бөліну (https://flippity.net/ ) сайты арқылы 3-топқа бөлемін.
3.Өткен тақырыпқа шолу жасау (Суреттер сыр шертеді)
|
Оқушылар тоқа бөлінеді.
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
|
Қалыптастырушы бағалау
Кері байланыс
|
Ұялы телефон
|
Ортасы
|
Жаңа тақырып:
Жаңа сабаққа шығу үшін оқушыларғаҚазақстанның табиғаты туралы бейнеролик көрсетіледі. 2 мин.
-Балалар, мына бейнероликті мұқият тыңдап, мағынасын түсінуге тырысыңдар және қарап естеріңе сақтап отырыңдар.
-Балалар,бейнероликті көрдіңдер, тыңдадыңдар бейне роликтен не көрдіңіздер?
Балалар: -Тау, су, көл өзен, өсімдік, жануарлар туралы болды.
Осы айтқандарыңды біз бір сөзбен қалай айтамыз ?
Балалар: -Табиғат!-деп айтады.
-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Балалар: «Қазақстанның табиғи мұрасы»- деп аталады.
Сабақ мақсаты айтылады.
Дүниежүзілік табиғи мұра ескерткіштерінің тізіміне тірі және өлі табиғат объектілері кіреді. Әлемдік маңызы бар ескерткіштерге ерекше сұлулығымен және бүкіл адамзат үшін құнды табиғаттың барлық әйгілі ғажайыптары кіреді.
Табиғи мұра объектілеріне экологиялық және биологиялық қауымдастықтарды, өсімдіктер мен жануарлардың жойылып бара жатқан түрлерінің мекендейтін жерлерін құрайтын табиғи кешендер жатады. .....................................
1972 жылы бүкіл адамзаттық құндылықтар мен қолжетпес асыл мұраларды сақтап қалу мақсатында, ЮНЕСКО ұйымы бүкіләлемдік мәдениет пен табиғи мұраларды қорғау конвенциясын қабылдады.
халықаралық ЮНЕСКО ұйымының адамзаттың бүкіләлемдік мұрасын қорғау жөніндегі Конвенцияны қабылдауы адамдардың өмір сүру ортасындағы Елеулі жаһандық өзгерістерге байланысты болды.
1- тапсырма:Мәтінмен жұмыс.10 мин
Оқушылар 3 топқа бөлінген, әр топта 8 баладан, мәтінді үш топқа таратамын, оқушылар оқып танысады, түсінуге тырысады. Осы мәтіннен түсінгендеріңді қағаз бетіне түсіресіңдер.
1 топ. Қорықтар «3-3-1» Әдісі бойынша жұмыс жасау Әнші құм – Қазақстанның ең ерекше жері. 2 топ.Ұлттық саябақтар. «Шахмат тақтасы» әдісі бойынша жұмыс жасау. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 3 топ. Табиғат ескерткіштері. «Пирамида» әдісі бойынша жұмыс жасау.Аңыздарға арқау болған Бұрқанбұлақ сарқырамасы
|
Достарыңызбен бөлісу: |