IV. Сабақты бекіту
«Ыстық орындық» ойыны (Жеке жұмыс)
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Бұл әдіске сабақта меңгерілген жаңа сөздерді атау немесе сөйлем құру, мәтін бойынша дайындалған сұрақтарға жауап беру арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл тапсырмаларды орындаудың ерекшелігі, атына сай орындық ыстық болғандықтан оқушы жылдам ойлап, жылдам жауап беруі тиіс.
Дескриптор: Әр дұрыс жауапқа 1балл
V. Сергіту сәті. «Заряд алу»
Оқушыны ұқыптылыққа, мұқияттылыққа, сезімталдыққа үйрету.
Ресурс қажет етпейді. Оқушылар ынтымақтасады. Көңілдерін көтереді.
Шаттық шеңберге барлығы тұрып, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады, бұл бастапқы бастаушыға барғанда қанша заряд жібергені бойынша қайта келу керек.
ЖАДА, жағымды ахуал қалыптастыру
VІ. Кері байланыс. «Стикер» таратпалары арқылы
Стикерлерді оқу үдерісін талдау үшін қолданыңыз. Оқушылар топтарда, жұппен немесе дербес түрде мынадай сұрақтарға жауап бере алады:
• Мен нені үйрендім?
• Маған не қиын болып көрінді?
• Не күрделі болды?
• Мен енді нені үйренгім келеді?
І. Бағалау Сабақ барысында көп балл жинағандарына қарай тиісті бағаларын алады.
VІІ. Қорытындылау:
Рефлексия «Смайликтер».Студенттер бүгінгі өткен жаңа тақырып бойынша смайликтер арқылы көрсетеді.
|
|
|
Жалғастыруға дайынмын
|
Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес
|
Түсінбеймін, қайталап қарау қажет
|
Достарыңызбен бөлісу: |