Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы «Шұғаның белгісі» хикаяты


жолаушы: Жоқ. Әңгімесін айтып беріңізші. Есімбек



бет4/5
Дата19.05.2022
өлшемі27.34 Kb.
#457269
түріСабақ
1   2   3   4   5
Күні

2 жолаушы: Жоқ. Әңгімесін айтып беріңізші.
Есімбек: Шұға қайда. Шұға .Шақырыңдар Шұғаны
Менің естуімше , сені Абдрахманмен кездесіп жүр екенсің ғой. Ол мүмкін емес.
Шұға : Мен оны шын жақсы көремін.
Есімбек:  Мен оған жол бермеймін.
Қасым:  Амансың ба, Әбдрахман. Жағдайың қалай?
Абдрахман: Жаман емес,Қасым. Шұғадан бүгін хат алдым.
Қасым: Не жазыпты?
Абдрахман: Сағындым депті. Үйінің бәрі де қарсы көрінеді. «Басым қатты ғой, құтылудың амалы не?» депті.Жаздым. Кетейік, дедім. Анық уәдесін алсам, ұзамай кетер едік.
Қасым: Далада отырғанша үйге барайық.
Осы кезде көшір келіп: Әбдірахман кім? – деді. Мен. Жүр, киін, болысқа барамыз, - деді. неге? – деді Әбдірахман. Мен білмеймін, пристап шақырады.
Шұға: - Апырым – ай, қайда барасыңдар? – деді.
Әбдірахман: - Болысқа айдап барады, - деді. Әбдірахман: - Қош! – деді.
Шұға: - Қош қалқам, қалқам! – деді
Сондағы Шұғаның өлерде жазған хаты:
Тағдыр бізді аямады білемін,
Амалым жоқ қарсыласпай көнемін.
Сен кеттің, бұл өмірге қайтпайсың,
Ал мен сенсіз қалай өмір сүремін?
Ендігі сөз кезегі «Ақындар» тобына беріледі.
Берілген тапсырма: ЭССЕ жазу «Шұғаға хат»
Сәлеметсіз бе, өткен заманның сұлуы Шұға!
Сізге хат жолдаушы жаңа заман жастарының бірі Темірғали Айжан..
Мен сізбен Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаяты арқылы таныстым. Ол әңгімеден қазақ жастарының теңдікті, еркіндікті қалай аңсағандығы туралы оқыдым. Қызыға оқи отырып, сіздің заманыңызға сапар шеккендей болдым. Бірақ онда қалғым келмеді. Өйткені қазір ел байлар мен кедейлерге бөлінбейді. Әркімнің өз ойы, өз көзқарасы бар. Зейкүл және сіз тәрізді сүймеген адамына ешкім еріксіз қоспайды. Бір үйдің ерке өскен ақылды да көрікті қызы бола тұра, туғандарыңыз сіздің бір ғана арманыңызды орындай алмады. Ол арман Әбдрахманмен бірге болу. Менің ойымша, сізге анаңыз ертерек қолдау көрсеткенде, әңгіме соңы басқаша болар ма еді. Әңгімеде ұнағаны қазіргі заманда сирек кездесетін Әбдірахман екеуіңіздің араңыздағы кіршіксіз әрі таза махаббат. Халық арасындағы «Шын ғашықтар қосылмайды» деген сөз рас екен ғой.
Мың рахмет Бейімбеттей тұлғамызға,
Қалдырған шығармасын біздей ұл мен қызға.
Әбдрахманның атынан былай дер ем,
Соңғы сөзін Шұғадай ару қызға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет