Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы «Шұғаның белгісі» хикаяты


Енді «Ізденушілер» тобы сөз сөйлейді



бет5/5
Дата19.05.2022
өлшемі27.34 Kb.
#457269
түріСабақ
1   2   3   4   5
Күні

Енді «Ізденушілер» тобы сөз сөйлейді.
Тапсырма: «Шұғаның хикаятына» байланысты сұрақтар дайындау.
1)Шығарма неліктен «Шұғаның белгісі» деп аталып тұр?
Ертеде бұл жер Қамыстыкөл деп аталған. Осы оқиғаға байланысты бұл жерді Шұғаның белгісі деп атап кеткен.
2) Хикаят дегеніміз не?
Көлемі жағынан әңгімеден үлкен, романға жақын баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрін хикаят деп атайды.
3) Хикаятта суреттелген табиғат көрінісін қалай атаймыз? Пейзаж
4) Шығармада Шұғаның бейнесі қалай суреттелген ?
Ақ құба, талдырмаш, көзі қап-қара, үріп ауызға салғандай, ажары қандай болса,ақылы да сондай, жеңілтек дегеннің не екенін білген емес.
5) Шұға мен Әбдрахман бір-бірін алғаш рет қашан, қандай жағдайда көреді? Алтыбақанда (қазақтың ұлттық ойыны)
6) «Жап-жас жігіт екен ғой »-деген Шұға сөзінен қандай ой тұжырымдауға болады? Шұғаның Әбдрахманды ұнатып қалғанын аңғаруға болады.
7)Шұға мен Әбдрахман арманына неге жете алмады?
Олардың қосылуына Шұғаның әкесі Есімбек қарсы болды? Шұға қайғыдан ауырып қайтыс болды.
8) Екі жас өз бақыттары үшін күресті ме? Иә, күресті.
9) Есімбекті қандай әке қатарына жатқызар едіңіз? Қатал әке.
10) Шұға неліктен тәуір болғысы, жазылғысы келмеді?
Өйткені ол Абдрахмансыз өмір сүргісі келмеді.
11) Сіз өз бойыңызға Шұға мен Әбдірахманның қандай қасиеттерін алар едіңіз? Махаббатқа берік, ақылды, бірін-бірі шын жақсы көруі ,
Қортынды:Сабағымызды қорыта келе қояр сұрағым:
Шұғаның –өліміне кім кінәлі? Қазіргі қазақ қыздарының тағдыры Шұғамен салыстырмалы түрде қандай деп ойлайсыз?
Үй жұмысы: «Армада кеткен асыл-ай» эссе жазып келу.
Бағалау:Белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет