Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 А Бөлімі Дизайн және технология
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Шығармашылық жұмыстар.Көрме ұйымдастыру
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
5.3.1.1 Cыныпқа дайын жұмысты таныстыру (көрме т.б.).
5.3.4.1 Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялау бойынша конструктивті пікірлер, ұсыныстарды білдіру
|
Сабақ мақсаттары
|
Түрлі көркем материалдарды қолдана отырып жұмыстарды әсемдеу
Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін сәндік қолөнердің көркем тәсілдерін қолдану.
Жұмыстардың таныстырылымы
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңі
|
Педагог іс-әрекет
|
Оқушы әрекеті
|
бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Амандасу. Белсенді ойын «Бір біріне»
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
|
Толық сабаққа қатысу
|
Өзін-өзі бағалау
|
оқулыұ
|
Сабақтың ортасы
|
Жұмысты қорғау. «Құрақ құрау» бойынша
1. Жасаған бұйым атауын хабарлайды.
2. Бұйымды көрсетеді. 3. Бұйымды дайындау барысында қолданылған материалдар мен құралжабдықтарды атайды. 4. Таңдалған бұйым моделі, әрлеуі, оның ерекшелігі туралы әңгімелейді. 5. Таңдалған бұйымды негіздейді. 6. Материалды таңдауын, оның қасиетін түсіндіреді . 7. Жасалған бұйымның жетістігі мен кемшілігін көрсетеді. 8. Эстетикалық түрі мен сапасын жақсарту мақсатында ұсыныс жасайды. 9. Жұмысты орындау барысында меңгерген жаңа білімдері мен біліктіліктері, жобаның құрастырылатын бөлігі мен дайындау технологиясы туралы әңгімелейді. 11. Бұйымды экологиялық көзқараста негіздейді. 12. Бұйымды таңдаудың дұрыстығын және оны жасаудың пайдасы туралы қорытынды жасайды және бұйымның өзіндік құнын анықтайды. 13. Өз шығармашылық жұмысын жарнамалайды. 14. Жасалған жобалық жұмысты бағалайды.
Талшықтар мен материалдардыңклассификациясын, тоқыма материалдардың құрамын, қарапайым тоқу өрімін сипаттай біледі.
*табиғи және химиялық тоқыма талшықтарды сипаттай біледі; *матаның негіз және арқау жіп бағытынтүсіндіру және анықтауды біледі.
матаның қандай киім тігуге арналғанын және мата түрлерін қандай белгілері бойынша анықтауға болатынын түсіндіреді;
қарапайым тоқыма өрімінің ерекшелігін атайды;
материалдар мен талшықтардың жіктелуін сипаттайды
|
Оқушылар өз идеясын, шеберлік деңгейін және жасаған бұйымының әдемілігін үлгі жоспар бойынша таныстырып көрсетеді.
Қорытындылау барысында бұйымды дайындаудың барлық кезеңі берілетін материалдарды, мысалы, модель (бұйым) және эскизі мен сипаттамасы сызбасы, үлгілері мен альбом немесе файлымен папка, слайд көрсетуді ұсыныңыз . Оқушы бұйымының әдемілігін, таңдаған идеясын дәлелдеуі тиіс. Ақпарат және графикалық суретімен жарнама дайындау.
|
|
|
Сабақтың соңы
|
Жұмыстарға жалпы сипаттама беріп, оқушылардың шығармашылық жұмыстарына ұсыныстар айту
|