Сабақтың тақырыбы: Бұлшық еттің жұмысы



бет5/51
Дата15.12.2023
өлшемі6.3 Mb.
#486760
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
9 кл 3-токсан (1)

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Жарық » әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Жаттығу жасайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Бұлшық етерді қалай жіктейді?
2. Ада ағзасында қанша бұлшық ет бар?
3.Бұлшық еттің құрылысын сипаттап бер.



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл
Бұлшық еттің қажуын сипаттап береді.

Тақырып бойынша интернет көздерін пайдаланып видеоролик көреді.




Оқулықта берілген тапсырманы орындатады

1. Зертханалық жұмыс. «Статистикалық және динамикалық жұмыс кезіндегі қажу үрдісін зерттеу».
Мақсаты: бұлшық еттің жиырылуы жиілігіне бұлшық ет жұмысының тәуелділігін зерттеу.
Құрал-жабдықтар: секундомер, массасы 1,5 және 3 кг жүк, білезіктің күшін өлшеуіш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет