Сабақтың тақырыбы Дене қозғалысы кинематикасының теңдеулері мен графиктері



бет3/4
Дата05.07.2023
өлшемі1.34 Mb.
#475535
түріСабақ
1   2   3   4
ҚМЖ 10 сын

ІІ. Санақ жүйесі. Дене қозғалысын бақылаған кезде, біз оның уақыт өтуіне қарай орын ауыстырғанын басқа денеге қатысты қарастырамыз. Сондықтан дененің қозғалыста немесе тыныштықта тұрғанын анықтау үшін алдын ала екінші дене таңдап алынады. Мұндай дене санақ денесі деп аталады.
Санақ денесімен байланысқан координаталар осі мен уақытты есептейтін құралдан тұратын жүйені санақ жүйесі деп атайды.
ІІІ. Траектория. Материалық нүктенің қозғалыс кезінде болып өткен кеңістік нүктелерінің жиынтығы траектория деп аталады.
IV. Жол. Жол – бақылау уақыты аралығында дененің жүріп өткен траекториясының ұзындығы.
V. Орын ауыстыру. Дененің бастапқы орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді орын ауыстыру деп аталады.

Топтық жұмыс .
Есеп шығару :(есептің шығарылу жолын графопроэктор арқылы түсіндіреді)
Есеп. Көлемі 0,5м гранит тасын 20м биіктікке көтергенде істелетін жұмысты есептеңдер. Граниттің тығыздығы 2500 кг/м3
ІІІ. Сергіту сәті « Серпілген сұрақ» әдісі
(мұғалім оқушыға сұрақ қойып допты лақтырады оқушы жауап беріп келесі оқушыға сұрақ қойып лақтырып ойынды жалғастырады)
1 Қозғалыс кезінде дененің соңында қалдырған ізі?
2. Айналма әткеншек тепкен баланың қозғалу траекториясы қандай?
3. Жазу кезіндегі қарындаш қозғалысы қозғалыстың қай түріне жатады?
Сыни ойлау,салыстыра отырып қорытынды жасау дағдыларын қалыптастырамын

Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» әдісі: (5 минут)
(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)
Берілген формулаларды түсіндіреді
Жұптың пікірлерін тыңдау, барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру .
 

Жеке жұмыс
«жалғасын тап»
1.Салыстыру дегеніміз..........

  1. Қозғалыстың салыстырмалылығы.....

  2. Галилей түсіндірулері......

  3. Кинематикада галилей

түсіндірулерінің белгіленуі...


Дескриптор:

1.Траектория, жол, орын ауыстыру шамаларының
физикалық мағынасын білді;

2. Денененің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы


кезінде қалдырған іздерінің жағдайларға қарай түрліше
аталуын білді;

3. Дененің кез келген уақыт мезетінде бастапқы орны мен


соңғы орнын қосатын кесіндінің және жолдың ұқсастығы
мен айырмашылығын ажырата алды;

4.Олардың белгіленуі мен өлшем бірліктерін жаза алады










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет