Қауіпсіздіктехникасы
Қозғалыс ойындар
Топ арасындағы жарысқа топтарды ортаға шақырайық.
Көңілді әуенмен балалар ортаға шығады.
Жалпы ойынға 12 бала қатысады.
Балалар екі топқа бөлінді: «Жігер» тобы және «Қыран» тобы.
«Жігер» тобының қатысушылары:
|
«Қыран» тобының қатысушылары:
|
|
|
Қимылды ойын: «Ақсерек пен көксерек».
Ойын шарты: екі топ бір-бірінен алысырақ шамамен 15 қадам жерде қол ұстасып тұрады. Бірінші топтың балалары екінші топқа ақсерек-ау, ақ серек, бізден сізге кім керек? деп айтады. Сол кезде қарама-қарсы тұрған топ басшысы өздеріне керекті қарсыластарының арасынан біреуінің атын атайды.Ақсерек-ау, ақ серек, сізден бізге Марат керек. Аты аталған ойыншы, бар пәрменімен жүгіріп қол ұстасып қатар тұрған қарсы топтың екі ойыншысының ұстасып тұрған қолын үзіп өте шығуға әрекет етеді. Ал қарсылыстары қолдарын мықты ұстап, үздірмеуге тырысады. Егер жүгіріп келген адам қарсыластарының қолдарын үзіп кетсе сол топтан, басшысынан басқа бір ойыншыны өзімен бірге алып кетеді. Қол ұстасып тұрған қатарды үзіп өте алмай қалса, онда сол топта өзі қалып қояды.
Дескриптор:
ойынның ережесін біледі;
«ақсерек» мен «көксере командасын түсінеді;
қорғаныстағы әдіс-тәсілдерді құрады және оны ойында қолданады.
ҚБ: бірін-бірі бағалау, бақылау
- Жарайсындар балалар.
- Ал, енді бүгінгі ойындарымыздың түрлерімен таныстырып өтейін.
1. «Боулинг» ойыны.
Ойын шарты:бірінші екі топтың басшылары текшелерді доппен жерге домалатып ұрады, келесі топ мүшесі жалғастырады. Қанша текшелерді құлатқаны есепке алынады.
|