Эстафеталық жарыс(доппен кедергілер арасынан жүріп өту,допты екі аяқтың арасына қысып жүру)
Баскетбол торына доп лақтыру (баскетбол добын кедергілер арасынан бір қолмен алып жүріп, себетке доптты салу)
Күштілікті қажет ететін ойындар.(арқан тартыс әр командадан 6-оқушыдан қатысады) ойынның шарты белгіленген сызықтан тартып шығару.
Арқанға өрмелеу, биік шыңға шыққан ең мықты топ.(Әр командадан 2 оқушыдан,аяқтың көмегінсіз қолмен өрмелеп
шығу)
Капитандар сайысы. (Әр топтың капитандары шығып, өз өнерлерін көрсетеді)
Тепе-теңдік сақтап жүріп, кедергілер арасынан бастарына кітап қойып және қасыққа шарикты салып құлатып алмай, кедергілер арасынан өту. Келесі ойыншы дәл осылай қайталайды. Мәреге кім бұрын жетсе, сол команда жеңіске жетеді.
«Қаппен жарысу» Ойыншылар алдарында жатқан қапқа жетісімен, екі аяғын қапқа тез кигізіп,екі қолымен жоғары жағынан ұстап, ілгері қарай жүгіреді.Осылай кезектесіп барлық оқушылар жүгіріп шығады.Қай топ мәреге бұрын келсе, сол жеңіске жеткен болып табылады.
Таяқшамен кедергілер арасынан допты алып жүріп, тақтада ілінулі тұрған есептерді қатесіз әрі жылдам шығару.Дәл осылай келесі ойыншылар қайталайды.Қатесіз және мәреге бұрын жеткен команда жеңіске жетеді.
Акробатикалық элементтері бар ойындар.Төсеніште орындалатын аунау жаттығулары.(әр топ өз жолымен алға аунау арқылы, кедергіге дейін барып,допты алды да кейін артқа қарай аунап орнына келеді, дәл осылай келесі ойыншылар да қайталайды ) кімнің тобы бұрын жетсе,сол жеңіске жеткен болып табылады. Ескерту төсегніштен шығып кетпеу.
Мергендер сайысы.(Алдын ала дайындалып қойылған, қағазға сызылған көмбені немесе тирге, пневматикалық мылтықпен нысанаға дәл тигізу) ұпаймен есептелінеді.Қай команда көбірек ұпай жинаса сол топ жеңіске жетеді.