Сабақтың тақырыбы: Дәрілік түрлердің жіктелуі Жоспары: Дәрілік түрлер Дәрі мөлшері


Эмульсия (Emulsum) - бір- бірінде ерімейтін сұйықтықтардан тұратын дәрілік түр. Тұнба



бет2/3
Дата07.03.2023
өлшемі22.92 Kb.
#470491
түріСабақ
1   2   3
2 Дәріс

Эмульсия (Emulsum) - бір- бірінде ерімейтін сұйықтықтардан тұратын дәрілік түр.
Тұнба (Infusum) - өсімдіктердің жұмсақ жер бетіндегі бөліктерінен (шөп, жапырақ, гүл ) сумен дайындалатын сұйық дәрілік түр
Қайнатпа (Decoctum) - қатты, тығыз өсімдік (тамырлары, қабықтары, жемістері т.б) бөліктерінен сумен қайнатылып дайындалатын сұйық дәрілік түр
Тұндырма (Tinctura) - дәрілік өсімдік шикізатынан дайындалатын спиртті сұйық дәрілік түр
Линимент (Linimentum) - дәріні сұйық майлармен араластыру арқылы алынатын сұйық дәрілік түр.
Аэрозоль (Aerosolum) - дисперсті ортасы газ немесе газ қоспасы, ал дисперсті фазасы сұйықтық немесе майдаланған бөлшектер болып келетін дәрі.
Дәрілік сәйкестік. Бір дәрілік препарат құрамына кейде бірнеше дәрілер қосылып дайындалады. Осындай жағдайда қолданылатын заттардың физикалық, физико- химиялық, химиялық сәйкестігін тексеру қажет.
Физикалық сәйкессіздік- дәрілік ингредиенттерді араластырғанда керекті дәрілік қалыптың шықпауы (заттың ерімеуі, т.б.)
Физико- химиялық сәйкессіздік: екі немесе одан да көп заттардың әрекеттесуінен сұйық немесе атылатын қоспа шығуы.
Химиялық сәйкессіздік: дәрілік заттар араласқан соң, олардың белсенділігі жойылады немесе улы заттар пайда болады.
Сондықтан рецептіде жазылған дәрілердің бір-бірімен сәйкестігі, мөлшері тексеріледі.
Дәрі мөлшері
Дәрінің мөлшері – 1 реттік қабылдауға арналған препараттың мөлшері.
Дәрі мөлшер түрлері: жоғарғы реттік мөлшер, жоғарғы тәуліктік мөлшер, соққы әсерлі (ударная) –қарқынды мөлшер, терапевтикалық мөлшер, улы (токсикалық) мөлшер, курстық мөлшер, ең жоғарғы көтерімді мөлшер, өлімге әкелетін (летальная-смертельная доза) мөлшер.
Жоғарғы реттік мөлшер - дәрі мөлшерін асырғанда уытты әсер көрсететін, 1рет қабылдауға арналған дәрі мөлшері
Жоғарғы тәуліктік мөлшер дәрі мөлшерін асырғанда уытты әсер көрсететін, 1тәулік ішінде қабылдауға арналған дәрі мөлшері
Соққы әсерлі (ударная) –қарқынды мөлшер- пациент ағзасында инфекция өршіп тұрған уақытта (t жоғарылап, ауыр халде болғанда), микробтарды жылдам азайту үшін 2-4 есе артық берілетін доза.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет