Сабақтың тақырыбы: Дәрілік түрлердің жіктелуі Жоспары: Дәрілік түрлер Дәрі мөлшері



бет3/3
Дата07.03.2023
өлшемі22.92 Kb.
#470491
түріСабақ
1   2   3
2 Дәріс

Ең жоғарғы көтерімді мөлшер - пациенттің кейбір мүшелерін зақымдауға әкелетін, максимальды көтере алатын, өлімнен арашалайтын дәрі мөлшері (өлім мен өмір аралығында жатқан жағдайда қолданылады).
Терапевтикалық мөлшер - емдік әсер көрсететін дәрі мөлшері.
Улы (токсикалық) мөлшер- ағзаға зақым келтіретін дәрі мөлшері
Терапиялық кеңдік (т.к.)- ең төменгі терапевтикалық мөлшер (т.м.) мен ең төменгі улы мөлшердің (у.м.) аралығы. Осы мөлшер аралығы жоғары болса препараттың қауіпсіздігі төмен болады (мысалы: т.м=1,0 болса, ал у.м =1,5 болса, т.к. 0,5 немесе т.м =1,0 ал у.м=5,0 болса т.к. 4-ке тең)
Дәрілерді қолдану және сақтау
Дәріні бөлімшенің аға медбикесі 3 дана талап жазып, басшы, бөлім меңгерушісі қолымен, мекеме мөрімен рәсімдеп дәріханадан алады. Бөлімшеде 10 күндік, ал постыда 3күндік қор ұстауға болады. Наркотикалық, психотропты дәрілерге, этил спиртіне талап 4 дана латын тілінде жазылып рәсімделеді. Дәрілердің кіріс шығысын жеке журналға тіркеп есеп жүргізеді (ҚР ДСМ 16.04.2008ж. № 216 бұйрығымен бекітілген талап, журнал толтырылады)
Дәріханада дайындалған дәрілерге қолдану түріне қарай арнайы этикетка (заттаңба) жапсырылады. Олар:
Жасыл жолақты этикетка - ішуге қолданылатын дәрі этикеткасы;
Сары (оранж түсті) жолақты этикетка - сыртқа қолданылатын дәрі этикеткасы;
Қызғыш (розовый) жолақты этикетка - көзге арналған дәрі этикеткасы;
Көк жолақты этикетка - инъекцияға арналған дәрі этикеткасы;
Көзге қолданылатын дәрілер стерильді болуы тиіс.
Наркотикалық және психотропты дәрілерді қолдану дәрігердің медициналық картасына тіркелген соң, медицина қызметкерінің қатаң бақылауымен жүргізіледі. Таблетка мейіргердің көзінше ішкізіліп, инъекцияны дәрігерлің қатысуымен енгізеді.

Дәрілер арнайы бөлмелерде сақталады. Дәрі сақтайтын бөлмелерде температура мен ылғалдылықты бақылау үшін гигрометр аспабы қолданылады. Дәрі сақтайтын бөлмедегі ылғалдылық 65% аспауы тиіс.
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы олардың қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда сақтау мен тасымалдау қағидаларынан үзінді
Дәрілерді сақтауда: бөлме t-сы +15 +250 С аралығы
салқын t- +8 +150 С
тоңазытқышта +2 +8 0 С
Есірткі, психотропты дәрілер және прекурсорлар тізімінің I, II кестесіне енгізілген дәрілер сейфке салынып, есігі мөрленіп жабылып сақталады. Бөлмеге дыбыстық дабыл орнатылып, күзетке тапсырылады.
Есірткі, психотропты дәрілер және прекурсорлар тізімінің III, IV кестесіне енгізілген дәрілер жабылатын шкафтарда сақталады.
Дәріханалардың, денсаулық сақтау ұйымдарының сақтау үй-жайларында (кабинет, бөлімшелер) дәрілік заттар бөлек сақталады:
1) фармакологиялық топтары бойынша;
2) қолдану тәсіліне (ішкі, сыртқы) байланысты;
3) агрегаттық жай-күйіне байланысты (сұйық, газ, т.б);
4) сыртқы ортаның физикалық-химиялық қасиеттері мен түрлі
факторларының әсеріне байланысты.
Барлық дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар физикалық және физикалық-химиялық қасиеттеріне, оларға сыртқы ортаның түрлі әсеріне байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
1) жарықтың әсерінен қорғауды талап ететін;
2) ылғалдың әсерінен қорғауды талап ететін;
3) ұшып кетуден қорғауды талап ететін;
4) жоғары температура әсерінен қорғауды талап ететін;
5) төмен температурадан қорғауды талап ететін;
6) қоршаған орта газдарының әсерінен қорғауды талап ететін;
7) иісті, бояйтын заттар.
Жарықты ерекше сезгіш дәрілік заттар (күміс нитраты, күміс препараты, прозерин, физостигмин салицилаты және оларға ұқсас) жарық өткізбейтін ыдыста, ішкі жағы қара бояумен боялған, тығыз жабылатын шкафта сақталады.
Калий перманганатын арнаулы бөліктерде, қаңылтыр контейнерлерде, жұмыс орындарында – тығындары сүртілген штангластарда сақтау жүзеге асырылады. Нитроглицерин ерітіндісін шағын, жақсы тығындалған шыны немесе металл контейнерлерде оттан сақтай отырып салқын, қараңғы жерде сақтайды. Теріге тигенде улануды және төгілгенде туындайтын жарылысты болдырмау үшін нитроглицеринмен ерекше сақтықпен жұмыс жүргізу қажет.
Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника физикалық және физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
1) резеңке бұйымдары;
2) пластмассадан жасалған бұйымдар;
3) таңу, тігу және қосалқы құралдары;
4) көзге салынатын және оны түзейтін линзалар;
5) медициналық аспаптар, құрылғылар, аспаптар, аппаратура, атмосфералық факторларды ерекше сезінгіш бұйымдарды (созылғыш катетерлер, буждар, қолғаптар, саусаққа кигіштер, резеңке бинттер, резеңке тығындар) бөлек үй-жайларда тығыз жабылған қораптарда сақтайды.
Бақылау сұрақтары:

  1. Дәрілердің агрегаттық күйі бойынша жіктелуі?

  2. Дәрілердің дозалануына байланысты жіктелуі?

  3. Дәрілерді сақтау ережелері?

  4. Дәрілердің ағзаға енгізілуіне қарай жіктелуі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет