Сабақтың ортасы (30 мин)
|
Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:
– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Ë» қосарлы дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
«Ё ё» қосарлы дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«Ё ё» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.
(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.
Сурет бойынша әңгіме құрау.
Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.
Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.
Өтілетін жаңа дыбысы бар «монтёр» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.
|
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Мынау – монтер. Ол күні-түні жұмыс істейді. Халықты электр жарығымен қамтамасыз етеді».
Әңгімені сөйлемдерге талдайды: Құраған әңгімелерің неше сөйлемнен тұрады? (3).
Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді ( Мынау – монтер.) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 2 сөз бар.
Өтілетін жаңа дыбысы бар
«монтёр» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: «мон-тёр» деп буынға бөліп көреді. Созып айтады.
«-тёр» екінші буынын анықтап айтады.
|
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
|
Суреттер, оқулық
Сызба
|