Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық.
Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік. (Оқушылар көздерімізді жұмамыз)
Негізгі бөлім
Табиғат-ананың Жер,Су,Ауа деген ұлдары болыпты. Олар өте ақылды, мейірімді екен. Табиғат ана бір күні ұлдарын шақырып алып:
--Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын,--деп уәде береді. Сонда ұлдары анасының айтқанына қуана келісіп, адамдарға жақсылық жасауға келіседі. Ұлдары жан-жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті іс жасайды. Күндердің күнінде ұлдары еліне қайтып оралғанда Аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары:
--Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде?--дегенде Табиғат-ана:
--Аяулы ұлдарым менің, мұның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарыңда, деп жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ауа, аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін адамдарға адал қызмет етіп келеді екен.
Рефлексия
«Шын жүректен» Алдарыңдағы параққа бүгінгі сынып сағатынан алған әсерлеріңді жазсаңдар.
Қорытынды
Елбасының "Қазақстан -2030" жолдауында туған жер табиғатын қорғай отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру біздің міндетіміз екенін айтып өткен ,сондықтан осы аулымызды гүлдендіруге, көркейтуге ,табиғатты көркейтуге ,табиғатты қорғауға қатысу керектігі айтылған.
Иә, балалар, табиғат Отанымыздың байлығы. Табиғатсыз адам өмір сүре алмайды екен,ендеше жердің ,табиғаттың иесі мына сендер,біз оны қорғауымыз керек. Демек , табиғатты қорғау - өз Отанымызды сақтау деген сөз.
|
айырлы, күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен , терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуанты, бізге не айтады?Олай болса, мен сендерді Табиғат -Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Өте керемет!
"Табиғат--халық қазынасы" ( Мақал-мәтелдердің жалғасын табу)
"Жер" тобы: 1.Жер тағдыры- ... ... (ел тағдыры)
2.Барша байлықтың анасы- ... (Жер)
3. Гүл жердің көркі,.. .. ..(қыз жердің көркі)
4. Туған жердей жер болмас,.. .. ...(туған елдей ел болмас)
5. Су бар жерде... ... ( ну бар)
6. Табиғат тазалығы- ... ....(адамзат амандығы)
7. Жер байлықтың анасы болса,... ... (әкесі еңбек)
8. Жер қазына, ... ... (су алтын)
|
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Сергіту сәті «Мейірімділікті табиғаттан үйрен» немесе « Мейірімді жүрек»ойыны. Әр бала қасындағы көршісіне, досына оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді жазып жүрекшені ұсынады. Мысалы: Сен мейірімдісің, Сен әдемісің, Сен ақылдысың!..т.б.
|
Тәрбие сабағы барысында балалар еңбек тәрбиесі ұғымдарын түсінді Отанға , туған жеріне, өзін қоршаған ортасына деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптасты.
Балалар іс-әрекетінің алуан түрлі нысандары мен түрлерінде балалардың ауызша сөйлеу тілі компоненттерін дамытылды, сөздік қор толықтырылды.
Бүгінгі тәрбие сағатына белсенді қатыстыңдар
Жарайсыңдар
|
Суреттер,плакаттар
Видео
слайдтар
|