СабақТЫҢ тақырыбы: «Елбасы жазған еңбектер»



бет3/4
Дата24.11.2023
өлшемі250.84 Kb.
#484314
түріСабақ
1   2   3   4
елбасы слайд кмж

B. Интерпретация: Үзіндінің маңызы неде? Тақырыбы қандай?
C. Анализ: Автор қандай композициялық амал (пейзаж, портрет, мінездеу (тура, жанама), суреттеу, диалог) қолданған?

Кешке біз Аягөзді артқа тастадық, сосын Аягөз өзенінің Тумырза деп аталатын саласынан өтіп, өзеннің оң жақ таулы-тасты жағалауымен өрлей отырып, түнге жақын Қапал жолының бірінші бекеті - Ескі Аягөзге келіп жеттік.
Аягөз өзенінің бойынан біз анағұрлым жанданған табиғатты көрдік. Дала тұтасымен жасыл желектің ашық түсті кілеміне ораныпты. Қараған, тобылғы, тал терек жапырақтар жайып, күннің көзі де біршама жылынып, оңтүстікке тән алаумен қыздырып тұр. Жабайы аскөк тау бөктерін жауып тұр, бойы ұзарып өскен. Қалың өскен ырғай, тал, мойылмен көмкерілген, арасынан теректер сорайып көрінген өзен жағалауы шидің ақ басы және сирек қара топырақты шұраттарда қараған мен тобылғыдан басқа ештеңе жоқ сортаң жермен жүрген үш күндік сапардан кейін өте жағымды әсер қалдырды. Жағалауға жақын жерлер жайылымдық және шабындық шөпке бай, ал жағадағы орман қысқы боран мен дауылға жақсы қалқан. Қазақ аңыздарында Аягөздің жайлы ағысы мадақталатыны бекер болмаса керек.
Өзін қоршаған иен дала мен сусыз шөл далаға қарағанда, Аягөз расымен-ақ жұмақ болып көрінеді. Оның көк шөп пен шалғынға толған солтүстік жағалауы орыстар мен олардың бекеттері болмаған кезде, қазақтардың үнемі көшіп-қонып жүретін қонысы болғаны анық. Қазақтар казактармен көрші болудан қорқады. Бұл әлденеге негізделген бе, жоқ па белгісіз, бірақ сақтық мақтауға тұрарлық қасиет. Мен Аягөзді өте жақсы көремін және сүйсінемін, Баян Сұлудың алтын айдарлы Қозы Көрпешке деген махаббаты туралы аңыздың оқиғасы осы жерде өткені де бұған аз себеп болмаса керек.
Өзіңді тексер!

Сюжет: Әңгімелеуші Шоқан Уәлиханов. Аягөздің Тумырза саласынан өтіп, ескі Аягөзге жетіп, сол жердің табиғатын теңеулер қолдана отырып, керемет суреттеуде.
Интерпретация: Менің ойымша, бұл үзіндінің маңызы Қазақстанның табиғатын ерекше әсерлеп суреттеуінде. Аягөзге деген сүйіспеншілігі, Қозы мен Баянның махаббаты осы жерде өткені туралы айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет