Шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жаса.
Ш. Уәлиханов «Ыстықкөл сапарының күнделігі» 30 мамыр күнгі үзіндісі.
Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымы:
1.Оқиғаның басталуы
2.Оқиғаның дамуы
3.Оқиғаның шиеленісуі
4.Оқиғаның шарықтау шегі
5.Оқиғаның шешімі
Дескриптор:
- сюжеттік-композициялық талдау жасайды;
- ойын дәлелдейді.
30 мамыр.
Біз Түптың сағасына барып, ау тастадық. Қазақтар қарабалық деп атайтын маринканың бірнешеуін, қаңылтыр деп атайтын яздарды, шабақтарды (Ертісте кездесетін кішкентай балық) ауладық.
Көлде балықтың көп болғаны соншалықты, қырғыздар қамыс арасында оларды қылышпен ұрып аулады, біздің көз алдымызда қарашайлық қырғыздар осындай әдіспен бірнеше балық ұстады. Сол күні қазақтар жаңа үлкен ау жасады. Түп жағалауы мен көлдің өзінде ұсақ шырғанақтар өте көп болды. Қазақтардың айтуынша, бірнеше жыл бұрын бұл орманнан өту мүмкін болмаған екен. Көлде құстардан қаз, үйрек, қара суқұзғындар мен кішкентай қара патша балықтар бар. Суқұзғындарын қазақтар қарақаз деп атайды, ал патшабалықты қарабай дейді. Маған тігілген киіз үйде үш жылан өлтірдік. Олар да өте көп.
Өзіңді тексер!
1.Оқиғаның басталуы
30 мамыр күні Түптың сағасына келуі, балық аулауы.
2.Оқиғаның дамуы
Қырғыздардың балық аулау әдісі.
3.Оқиғаның шиеленісуі
Қазақтардың айтуы бойынша орманнан өте алмауы.
4. Оқиғаның шарықтау шегі
Суқұзғындарын қазақтар қарақаз деп атайды, ал патшабалықты қарабай дейді.
5. Оқиғаның шешімі
Шоқанға арнап тігілген киіз үй.
3-тапсырма. «Дәйексөз» тәсілі
Шығармадан бірнеше үзінді берілген. Үзінді бойынша талдау жаса.
Дескриптор:
- шығарма үзіндісіне талдау жасайды;
- композициялық амалдарды ажыратады;
- шығармадан дәлел келтіреді.
«Дәйексөз» тәсілі
- Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр?
Достарыңызбен бөлісу: |