Сабақтың тақырыбы: Елбасы кемеңгер көшбасшы



Дата25.02.2016
өлшемі34 Kb.
#22246
түріСабақ
Лисаков қаласы «№3 орта мектебі» М.М 2013-2014 оқу жылы
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Елбасы кемеңгер көшбасшы
Өткізген: Баймагамбетова Н.М

3 «б»сынып

2013-2014 ж


Сабақтың тақырыбы: Елбасы кемеңгер көшбасшы
Мақсаты: Бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қасиет-қадірін, тұғырын түсіндіру. Қазақстан Республикасының президенті НӘ Назарбаевтің өмір жолдары туралы түсінік беру, ерең еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру.

Көрнекілігі: Президент портреті, плакаттар, сызбалар.

Әнұран орындалады.



Мұғалім сөзі. Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сабағымыз Елбасымыз НӘ Назарбаевқа арналмақ және осы сабақта Елбасымыз жайында кең мағұлмат алмақпыз. Қазақстанның егеменді ел атануына Елбасымыздың қосқан үлесі зор. Қазақстанды мекендеген барлық халықтың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы тұлға. Тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген табыстарын біліп жүру біздің басты міндетіміз.

1-оқушы:Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатынның негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халқаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай көшбасшымыз бар біздің болашағымыз айқын! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданының Шамалаған ауылында дүниеге келді.

Әр сөздің астарында осы арада,

Ағайын, ой жіберіп жете қара.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында тарихында

Тұлғасы елбасының жеке дара!


Өмірдің судай ағып өзегімен,

Келеді президенттер кезегімен.

Елбасы- Назарбаев –егіз ұғым,

Жасайды мәңгі бірге өз елімен!


2-оқушы: 1990 жылы Республикада президент қызыметі белгіленді. Жоғары Кеңестің сессиясында жабық дауыспен Нұрсултан Назарбаев президент болып сайланды.

1991 жыл, 1- желтоқсан. Республикада бүкілхалықтық президент сайлауы болып өтті. Қазақ КСР-інің президенті болып Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.


3-оқушы. 1995 жылы 30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде мемілекеттік құра отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жауапкершілікті сезінетін, егемендік құқықты ала отырып Ата заңымызды қабылдады.

Алтын заңда парасатым, пайымым ,

Алтын Заңда күш-қуатым, жалыным.

Сен қорғайсың

Бостандықпен құқықты,

Анамдайсын елжіреген жаңа күн.


4-оқушы. Н. Назарбаев президент болғалы болғалы аз уақыт ішінде қаншама жетістіктерге қолымыз жетті. БҰҰ-ға мүше болдық, республикамызәлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді, ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді, Мемлекеттік рәміздеріміз белгіленіп, Ата заңымыз қабылданды, Ұлттық валютамыз шығарылып, 7-ші қысқы Азияда ойындарының жалауы еліміздің көгінде желбіреді.
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы Теңге айналымға енді.

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,

Білдім дербес елімнің үлгісі деп

Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,

Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген

Құт-береке болшы бір елге келген

Өз туы, елтаңбасы. Әнұран бар,

Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?


Елбасының өзекжарды сөзі

« Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін Қазақстан деп аталатын республиканың жер бетінде барлығы үшін тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандарды аруағының алдында қашанда қарыздармыз.»


Бұл дүниеде біздің бір ғана отанымыз бар, ол- Тәуелсіз Қазақстан деп Елбасымыз айтқандай кең байтақ Қазақстан –туған өлкеміз, оны сүйіп құрметтеу барлығымыздың парызымыз. Біз елбасымызды қашан да мақтан тұтамыз!

Елбасымыз саған мәңгі ризамыз,

Үлкен- кіші ағайындар бәріміз

Ұлттық елім деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің пірімез де әніміз.
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын,



Президентім, елбасы, аман болғай ,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет