Сабақтың тақырыбы: Электр тогы, электр тогы көздері Білім беру ұйымының атауы



бет1/56
Дата09.01.2023
өлшемі7.47 Mb.
#468233
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
8сынып 3 тоқсан 382 бұйрық



Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Электр тогы, электр тогы көздері

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

8.3 А Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электр тогы, электр тогы көздері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.2.1 – электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Электр тогының анықтамасын , ток көздері туралы біледі, токтың жүру шарттарын біледі .
Көптеген оқуышылар істей алады: Электр тогының әрекетін түсінеді, ажыратады, электр қозғаушы күш шамасының физикалық шамасын түсінеді
Кейбір оқушылар істей алады: Электр тогын түсіндіре алады, деректерді жинап, талдап, іріктей алады. Өз болжамдары мен қорытындыларын жасай алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру


Сабақтың басы


10 минут

Жаңа білім


10 минут

Бекіту

15 минут

Сабақтың соңы.




10мин

Бағалау

Үй тапсырмасы

Кері байланыс



Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Топқа бөлу.
Үй тапсырмасы Электр құбылыстары тарауы бойынша білімін
Сұрақ –жауап әдісі бойынша аламын
1.Электр өрісі деген не? Қасиеттері
2.Кулон заңын тұжырымдаңдар
3.Потенциал, электр өрісі жұмысының формулалары
4.Конденсаторлар деген не?
Үй тапсырмасын тексеру./ауызша/
Электр сөзі қай тілден алынды?
Электрон заряды қандай?
Атомның құрылысын зерттеген ғалым?
Зарядтардың неше тегі болады?
Электриктер деп нені айтады?
Электр тогын өткізетіндерге мысалдар келтір?
Қандай зарядтар бір-бірінен тебіледі?
Миға шабуыл . Бейнематериалдар арқылы .Электрондық оқулықтан
«Электр тогы» тақырыбындағы бейнематериал көрсету.
Мағынаны тану-топтық жұмыс Топтық бірлескен жұмыс. Кіші жоба қорғау.
І топ. Электр тогы деген не? Электр тогының пайда болу шарттары
ІІ топ. Электр тогының әрекеті
ІІІ топ. Ток көздерінің түрлері. Электр қозғаушы күш деген не?
Оқулықпен жұмыс.Топтар тақырыпты оқып қорғайды
Өткізгіште электр тогы пайда болуы үшін және ұзақ сақталу үшін мына шарттар қажет:
Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы болу керек; (интерактивті тақтадан медиаобъект тамашалау)
Қозғалысты туғызатын электр өрісі болу керек; (электр өрісі кез-келген зарядталған денелердің айналасында болады, оны көру немесе ұстау мүмкін емес; электр өрісінің бар не жоқ екендігін тек оның әсері арқылы білуге болады)
Өрісті туғызатын ток көздері керек;
— Ток көздеріне гальвани элементін, аккумуляторлар, генераторлар, Күн батареясын айтуға болады.
♦ Гальвани элементінде (эл.батареясы), аккумуляторда – химиялық реакция әсерінен зарядттар бөлінеді. Реакцияда бөлінетін ішкі энегрия электр энергиясына түрленеді. Бұл итальяндық анатом және физиолог Луиджи Гальванидің құрметіне арналған.
♦ генераторларда (СЭС, ЖЭС, жел, күн электр станциялары)
магнит өрісінде өткізгішті айналдырғанда электр тогы пайда болады. Бұл жерде өткізгішіті айналдыру үшін, судың, будың, желдің механикалық энергиялары қолданылады.
♦ күн батареясында жылу әсерінен жартылай өткізгіш ішінде зарядтар оң және теріс полюстерге жіктеліп ток көзі пайда болады, яғни жарық, жылу энергиялары электр энергиясына түрленеді. Бұл күн энергиясын жұтатын пластинка (көрсету) Металл жылуды қабылдайды.(арнайы репортаж)
Электр тогын өндіру
СЭС-40 ٪ Генераторларда магнит өрісінде өткізгішті айналдырғанда электр тогы пайда болады. Бұл жерде өткізгішті айналдыру үшін судың механикалық энергиялары қолданылады.
ЖЭС-40 ٪ Жылумен қаланы қамтамасыз етеді. Трубиналарда будың энергиясын электр энергиясына айналдырады.
Жел, күн-5 ٪ Жер мен ғарыштың ортасында бағаналар жоқ. Сондықтан ғарышкерлер күн энергиясымен қоректендірілген батареяларды қолданады.
АЭС-15 ٪Атом бомбасын бейбіт мақсатта реактордың ішінде жарады. 1г атом 1600т көмір жанған кезде бөлінетін жылуды береді, өте үнемді.
Өткізгіште токтың бар-жоғын оның әрекетінен байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет