Сабақтың тақырыбы: «Эмоцияны тап жаттығуы»



бет12/22
Дата07.12.2022
өлшемі0.92 Mb.
#466691
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Танымдық әрекетін түзету сабағының сабақ жоспары

2.3 «Артығын тап»
Мақсаты:  Баланың бейнелі – логикалық ойлау процесін, жалпылау мен талдау ақыл-ой операцияларын зерттеу. Әдістемеде балаларға әртүрлі заттар бейнеленген суреттер сериясы ұсынылады. Бұл әдістеме мектеп алды даярлық топ балаларына арналған.
Нұсқау. Әр суретте бейнеленген төрт заттың біреуі артық. Суретке мұқият қарап, қай зат және неліктен артық екенін анықта.
Тапсырманы орындауға 3 минут беріледі.

Қорытынды бағалау


10 ұпай – бала тапсырманы 1 минуттан аз уақытта орындайды, барлық суреттердегі артық заттарды таба алады және себебін түсіндіреді.
8-9 ұпай – бала тапсырманы 1 минуттан 1,5 минутқа дейінгі уақытта орындайды.
6-7 ұпай – бала тапсырманы 1,5 –тан 2,0 минутқа дейінгі уақытта шешеді.
4-5 ұпай – бала тапсырманы 2,5 минуттан 3 минутқа дейінгі уақытта шешеді.
2-3 ұпай – бала тапсырманы 2, 5 минуттан 3 минутқа дейінгі уақытта шешеді

  1. ұпай – бала 3 минут аралығында тапсырманы шеше алады.

Даму деңгейі бойынша қорытынды


10 ұпай өте жоғары
8-9 ұпай – жоғары
4-7 ұпай – орташа
2-3 ұпай – төменгі
0 -1 ұпай - өте төмен
3. Ойлауды анықтауға арналған бағалау технологиясы
1. Ойлауды анықтауға арналған технология.
2. Әдістемелік ынталандыру материалы.

3. Бейнелі –логикалық ойлауды бағалауға арналған технология.


3.1 Әдіс «Топтарға бөл»
Мақсаты: Бұл әдістеме ойлауды анықтауға арналған. Әдістеменің негізгі мақсаты – баланың бейнелік – логикалық ойлауын бағалау. Балаға төмендегі суретте берілген бейнені көрсетеді және келесі тапсырманы ұсынады:
«Суретке назар аударып қара және онда берілген фигураларды мүмкіндігінше көп санды топтарға бөл. Топқа бір ортақ белгісі бар фигуралар кіруі керек. Әр топқа кіретін фигураларды және олардың ортақ белгілерін ата.
Тапсырманы орындауға 3 минут уақыт беріледі. 

Бағалау нәтижесі


10 ұпай – Бала барлық фигура топтарын 2 минуттан аз уақыт аралығында ажыратады. Бұл келесі топ фигуралары: үшбұрыштар, дөңгелектер, төртбұрыштар, ромбылар, қызыл фигуралар (суретте олар қара түсті), көк фигуралар (олар суретте штрихталған), сары фигуралар (клетка түрінде), үлкен фигуралар мен кішкентай фигуралар.
Ескерту. Бір фигура жіктеу кезінде әртүрлі топтарда қайталанып келуі мүмкін.
8-9 ұпай – бала барлық топ фигураларды 2,0 минуттан 2,5 минут аралығында ажыратып бөледі.
6-7 ұпай – бала барлық топ фигураларды 2,5 минуттан 3,0 минут аралығында бөліп ажыратады.
4-5 ұпай – 3 минуттың ішінде бала тек қана 2-ден 3-ке дейінгі топ фигураларды бөліп ажыратты.
0-1 ұпай – 3 минутта бала топ фигуралардың біреуін бөліп ажыратты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет