Сабақтың тақырыбы: «Эмоцияны тап жаттығуы»


Танымдық әрекетін түзету сабағының сабақ жоспары



бет8/22
Дата07.12.2022
өлшемі0.92 Mb.
#466691
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Танымдық әрекетін түзету сабағының сабақ жоспары

Танымдық әрекетін түзету сабағының сабақ жоспары
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: А.Игенова


Мерзімі: 31.01.2022ж
Сыныбы: 3 «в»
Оқушы: Кенжебай Кенжебек
Сабақтың тақырыбы: Логикалық ойындар
Бас киімдер

Нұсқау: Бас киімдерді иелеріне қарай орналастыр

Педагог-психолог: Жолдас Гүлбағым




Тақырыбы: Баланың мектепке педагогикалық-психологиялық даярлығын критериалды бағалауға арналған технологиялар


1 Мектепке баратын балалардың оқуға мотивациялық дайындығын бағалау технологиясы.
1. Қабылдау мен дамытуды бағалау технологиясы.
2. Баланың зейін деңгейін бағалауға арналған технология.
3. Байқағыштықты және зейінді бағалауға арналған технология.
Бұл технологияның мақсаты – мектепке баратын балалардың оқуға мотивациялық дайындығын анықтау.
Баланың оқуға қарым–қатынасын, басқа да оқуға дайын екендігін білдіретін психологиялық белгілері баланың мектепте оқуға дайын не дайын еместігін білдіреді. Егер де баланың таным процестері жақсы дамыған болса да және ол басқа балалармен және үлкен адамдармен іс -әрекетке түсе алса да, бала толығымен мектепте оқуға дайын деп айтуға болмайды. Екі психологиялық дайындық белгілерінің салдарынан оқуға деген ынтаның болмауы – танымдық және коммуникативтік - баланы мектепке қабылдауға мынадай шарттар қою арқылы рұқсат береді, алғашқы бірнеше айдың ішінде оның мектепке баруы оқуға деген қызығушылығын ашуы керек.
Тәжірибе көрсеткеніндей бұл әдісті жүргізген кезде 0 ұпай және 1 ұпайды бағаларды қоюмен шектелмеу керек, өйткені, біріншіден, мұнда күрделі сұрақтар кездеседі, ал бала оның біреуіне жауап берсе, басқаларынан қателесуі мүмкін, екіншіден, берілген сұрақтың жауабы бір жерінен дұрыс болса, бір жағынан қате болуы мүмкін. Бала толығымен жауап бере алмаған күрделі сұрақтар үшін және жартылай дұрыс жауап қайтарылған сұрақтар үшін 0,5 ұпай қою ұсынылады. Толық қамтылған, дұрыстығына күмән келтірмейтін жеткілікті сенімді жауаптар 1 ұпаймен дұрыс және толық бағаланады. Мысалға; 2 сұрақтың толық жауабы («Мектепке барудың қажеттілігі қандай ?»), мынадай болу керек: «Қажетті білімді, іс-әрекеттерді және дағдыны үйрену үшін. «Оқу үшін» деп жауап берілген болса, онда бұл жауап толық емес ретінде бағаланады. Қажетті білім, іс - әрекеттерді және дағдыларды үйрену үшін деген жауап қайтарылмаса, онда бұл жауап қабылданбайды, мысалға: «Көңілді болу үшін». Егер бала қосымша бағыттаушы сұрақтан кейін өз жауабына еш нәрсе қоса алмаса, онда оған 0,5 ұпай қойылады.
0,5 ұпай аралық баға енгізілгеннен кейін, мектепте оқуға толығымен дайын болып табылатын бала, барлық сұрақтарға жауап беру нәтижесінде 8 ұпай жинауы қажет. 5-тен 8 дейін ұпай жинаған бала оқуға толық дайын емес. 5-тен төмен ұпай жинаған бала оқуға мүлдем дайын еместігін білдіреді.
Берілген әдісте баланың жауап қайтаруы үшін төмендегі сұрақтар қойылады.

  1. Сенің мектепке барғың келеді ме ?

  2. Мектепке барудың қажеттілігі қандай?

  3. Сен мектепте немен айналысасың?

  4. Мектепке баруға дайын болу үшін, қандай заттар болу керек?

  5. Сабақ деген не? Сабақта не істейді?

  6. Мектепте сабақ үстінде өзіңді қалай ұстауың керек?

  7. Үй тапсырмасы дегеніміз не?

  8. Үй тапсырмасын не үшін орындау керек?

  9. Мектептен келген кезде, үйде не істейсің?

  10. Мектепте оқи бастағаныңда сенің өміріңде қандай қызықтар пайда болады?

6- 7 жастағы баланың мектепке даярлық деңгейі бір немесе бірнеше күрделі тесттер жиынтығынан тұратын кешен көмегі арқылы анықталады. Қарапайым тесттерге фонематикалық есту тесті, мағынасыз буындарды көшіру және сөздік тесттерді жатқызуға болады. Күрделі тесттерге қысқа мерзімді есте сақтауды анықтау және ойлау қабілетін бағалауға арналған тесттерді жатқызамыз. Сынақ жұмысы 15-20 минут аралығында жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет