Сабақтың тақырыбы: «Эмоцияны тап жаттығуы»


Даму деңгейінің қорытындысы



бет13/22
Дата07.12.2022
өлшемі0.92 Mb.
#466691
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Танымдық әрекетін түзету сабағының сабақ жоспары

Даму деңгейінің қорытындысы


10 ұпай - өте жоғары
8-9 ұпай –жоғары
4-7 ұпай – орташа
2-3 ұпай – төмен

  1. ұпай - өте төмен


3.2 Әдістемелік ынталандыру материалы «Топтарға ажырат»

Мақсаты: әдістеме мектеп алды даярлық тобында ойлау деңгейін анықтауға арналған.


Нұсқау: «берілген суреттегі фигураларды бояуына және түрлеріне қарай (мысалы: үшбұрыш, төртбұрыш т.б) топтастыр»
- Берілген суреттегі 4 фигураны толық белгілері бойынша топтастыру – 10 ұпай
- Фигураларды тек бояуы бойынша және түрлері бойынша 3 фигураны топтастыру – 8 ұпай
- 2 фигураны ғана топтастыру – 6 ұпай
- Бояуы бойынша екі фигураны және түрі бойынша біреуін топтастыру – 4 ұпай
- Бояуы бойынша ғана топтастыру – 3 ұпай одан да төмен.


3.3 Бейнелі –логикалық ойлауды бағалауға арналған «қисынсыз» әдісі
Мақсаты: Бұл әдістің көмегімен баланың қарапайым өмір жайлы түсінігі мен логикалық ойлау байланысын, қарым –қатынасын білуге болады. Олар: осы өмірдің кейбір объектілері, жануарлар, олардың тіршілігі, табиғаты. Осы әдіс арқылы баланың логикалық және абстрактілі ойлауының дұрыс қалыптасуын білуге болады.
Жүргізілу барысы: Алдымен балаға әр түрлі обьектілер бейнеленген сурет көрсетіледі. Бұл суретте жануарлар бейнеленген қызық жағдайлар бар. Суретті көру барысында балаға мынадай тапсырма беріледі.
Нұсқау: «Суретке қарай отырып , барлық зат орнында тұрғаны және дұрыс бейнеленгені жайлы айтып беру. Егер де бір зат орнында болмаса, не екенін көрсетіп, неге олай екенін және кейін қалай болу керектігін түсіндіру керек.
Қосымшалар. Барлық тапсырмалар бірінен кейін бірі орындалады. Бірінші балаға барлық дұрыс емес суреттерді көрсету ұйғарылады, ал одан кейін шын мәнісінде қалай болу керектігін айтады. Тапсырманы орындауға үш минут беріледі. Осы уақыт ішінде ол көптеген дұрыс емес жағдайларды табуға мүмкіндік алады..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет