Сабақтың тақырыбы: «Эмоцияны тап жаттығуы»



бет16/22
Дата07.12.2022
өлшемі0.92 Mb.
#466691
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Танымдық әрекетін түзету сабағының сабақ жоспары

Қорытынды бағалау
Егер бала мағынасын 40 тан 50 ге дейін дұрыс тапса, ол нәтижесінде 10 ұпай алады.
Егер де бала мағынасы ұқсас 30 бен 40 сөзді тапса, онда оны 8-9 ұпаймен есептейді.
Егер бала 20 мен 30 мағынасы жағынан сөзді тапса, онда оған 6-7 ұпай беріледі.
Тәжірибенің соңында бала дұрыс 10 мен 20 сөзді топтастырып, біріктірсе, қорытынды ұпайға 4-5-ке тең болады.
Егер бала мағынасы жағынан 10 сөзден төмен тапса, оны 3 ұпаймен бағалайды.

10 ұпай - өте жоғары


8-9 ұпай –жоғары
4-7 ұпай - орташа
0-3 ұпай –төмен


5. Тұлғааралық қатынасты зерттеу және критериалды бағалау технологиясы
1. Тұлғааралық қатынасты зерттеу және бағалау.
2. Фонематикалық есту қабілетін анықтау және бағалау.
3. Өздігінше әрекет ете алу қабілеттілігін арттыруға бағытталған технология.
5.1 «Әрекетті таңдау» әдістемесі.
Мақсаты: мектеп алды даярлық тобында тұлғааралық қатынасты зерттеу және бағалау. Берілген әдіс социометриялық әдістің бір нұсқасы болып табылады.
Барысы: топтағы әр балаға өзі қалаған үш зат беріледі. Ол ойыншық, сурет, конфет т.б болуы мүмкін. Бұл 3 затты өзінің ыңғайына қарай бала таңдауы қажет.
Нұсқау: «Осы заттардың қайсысы өзіңе ұнайды және қажеттілік деңгейі бойынша бағала. Мысалы, 1-ші орынға ең керек деген затты, 2-ші орынға одан төмендеу, 3-ші орынға қалған затты қоясың. Енді өзіңнің тобынан осы затты сыйлағың келетін 3 баланы таңдайсың.

  1. Ең жақсы көретін балаға бересің.

  2. Екішісіне бересің.

  3. Үшіншісіне қалғанын бересің.

Барлық балалар топтағы достарына заттарын таратып болған соң, зерттеуші кімнің қанша зат алғанын анықтайды.
Алынған заттардың санына сай келесі формуланың көмегімен баланың социометриялық бедел анықтауға болады.
С = К 100%
n-1
Мұндағы С – баланың бедел, яғни, баланың құрдастарымен қарым-қатынас жүйесіндегі бедел. К – топтағы жолдастарынан алған затының сапасы. n– топтағы бала саны.
Егер бала зерттеу барысында көп зат алса, онда баланың құрдастарымен қарым-қатынасы жақсы болғаны.
Нәтижені бағалау.
10 ұпай - баланың беделінің көрсеткіші 100% тең
8-9 ұпай – 80-99% шамасында
6-7 ұпай – 60-70% беделінің арақашықтығындағы көрсеткіші
4-5 ұпай – баланың беделі 20-30% шамасында
2-3 ұпай – баланың беделі 20-39% шамасында
0-1 ұпай – баланың беделі 0-19% шамасында
Баланың даму деңгейі.
10 ұпай - өте жоғары
8-9 ұпай – жоғары
4-7 ұпай – орташа
2-3 ұпай – төмен
0-1 ұпай - өте төмен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет