Бейнероликке назар аударайық.(Автокресло жайлы)
Осы бойынша ой - пікірімізді, көзқарасымызды білдірейік! Автокресло туралы заң қаншалықты елімізге керек? Осы туралы ішкі істер қызметкерлердің пікірлерің білсек.
Жол ережесін бұзатын жаяу жүргіншілерге қандай тәртіптік шаралар қарастырылған?
|
Бейнеролик
|
Ортасы (20 мин)
|
«Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар темір жолмен, тас жолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір - тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip - бipiмeн сауда - саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады
|
Елімізде, оның ішінде өзіміздің өңірде орын алып жатқан жол көлік оқиғалары қай сипатта орын алуда?
Қазір жастарымыз көлік айдауға құмар. Оның ішінде әкесінің немесе туыстарының көліктерін рұқсатсыз, тіпті құжатсыз айдап кететін жасөспірімдер көп десек қателеспейміз. Осы жандар туралы не айтуға болады?
|
презентация
|
Соңы
|
Жол апаты оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Сендердің жол ережелерін қаншалықты білетіндеріңді тексеріп көрейік, төмендегі сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беріңдер:
|
1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.
2. Жиекжол дегеніміз не?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
3. Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
4. Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.
5. Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
- Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
6. Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?
- Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз. Егер
ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз.
|
презентация
|