Күні
|
|
Класс жетекші:
|
|
Класс:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)
|
Сабыр түбі сары алтын
|
Сабақтың мақсаты:
|
Сабырлылық,ұстамдылық тәрізді адами қасиеттер туралы түсінік беру; Сабырлы ,ұстамды болуға тәрбиелеу.
|
Құндылықтарды дарыту
|
|
Ресімдеу
|
Слайд,презентация
|
Музыкалық және бейне көркемдеу
|
интерактивті тақта, слайд
|
Үлестірмелі материалдар
|
мақал – мәтелдер жазылған плакаттар
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
|
Презентация
|
Дайындыққа арналған әдебиет
|
Интернет материалдары
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
Мен бүгін сендерді көргеніме қуаныштымын. Бәріміз қол ұстасып, шын жүректен бір-бірімізге күлкімізді сыйлап жанымыздағы досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі тілектермен жеткізейік.
-Сен нағыз доссың .
-Сен ең әдемі қызсың.
-Сен мейірімдісің.
-Сен ақкөңілсің.
-Сен әдептісің……
-Жарайсыңдар,оқушылар ! Әрқайсысың достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын. Адами жақсы қасиеттердің бірі-сабырлылық . Бүгін сендермен сабыр, сабырлы болу, сабыр сақтау туралы әңгімелеспекшіміз. Яғни, бүгінгі тақырыбымыз «Сабыр түбі-сары алтын» деп аталады.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына
отырады.
|
презентация
|
Сабақ басы (13 мин)
|
— Сабырлы болу дегенді қалай түсінесіңдер ?
-Сонымен сабыр деген-ұстамды болу, шыдымды болу, төзімді болу деген сөз екенін айттыңдар. Енді осы сөздерге қайшы келетін сөздер айтып көріңдерші.
Сабыр-сабырсыз
Ұстамды-ұстамсыз
Төзімді-төзімсіз
Шыдамды-шыдамсыз
-Адамға қандай жағдайларда сабыр керек ?
|
Оқушылар түсініп жауап береді
|
презентация
|
Ортасы (20 мин)
|
Егер адамда сабыр болмаса, ол тез ашуланады. Ал ашуланған адам ашу үстінде асығыстыққа жол береді. Асығып қабылданған шешім барлық уақытта оң бола бермейді. Сондықтан ондай жағдайда ақылға салып , ашуға берілмей –сабыр сақтау керек.
Сондықтан да Абай аталарың
«Асығыс түбі өкініш, ойланып алмақ-сабыр сол »
деп айтқан болатын.
|
бейнежазба
|
презентация
|
Соңы
|
1. Әрбір істі ойланып , ақылға салыңдар !
2. Шыдымсыздық танытпай, ұстамды болыңдар!
3. Әр кезде де өз-өздеріңді жігерлендіріңдер.
Өзіммен-өзім
Баяу сазды әуен қосып қою.
Қазір сендер іштеріңнен сабырлы болу жолдарын ойлап көріңдер.
«Менің сабырлы , ұстамды болғым келеді. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін . Ақырын басып , баппен сөйлеп келе жатқан өзімді сыртымнан көріп тұрмын. Ол сондай тартымды, жарасымды екен. Маған сабырлы, ұстамды болған сондай ұнайды »
|
Оқушылар өз ойларын айтады
|
презентация
|
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Достарыңызбен бөлісу: |