Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) Сабақтың мақсаты



бет1/34
Дата06.10.2023
өлшемі370.78 Kb.
#480029
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
қмж 9-10 сынып 23-24 оқу жылы


Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты №1
«Отанымыз Қазақстан»
Күні


Класс жетекші:


Класс:
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)


Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу
Ресімдеу
Слайд,презентация
Музыкалық және бейне көркемдеу
интерактивті тақта, слайд
Үлестірмелі материалдар
мақал – мәтелдер жазылған плакаттар
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
Презентация
Дайындыққа арналған әдебиет
Интернет материалдары

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


1.Ұйымдастыру.Әнұран айту


2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Отан деген не, кім қалай түсінеді? Көп аузынан түспейтін, Отан деген немене? Оның тұлға түс кейпін, Достым білгің келе ме?
- Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді.
дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
-Отан дейміз кең-байтақ астананы, Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы. Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
- Отан- тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, өз- халқың.
Отан – өлең, Отан-жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.


Оқушылар Отан туралы жыр шумақтарын айтады

Компьютер

Шарлар,ту ұстау

Сабақ басы (13 мин)
-Біздің Отанымыз қалай аталады? –
Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
-Қазақстан Республикасының президенті кім? Ел болдық ерік алдық астаналы Енді кімнен қазағым жасқанады? Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі, Нұрсұлтанның атымен басталады.
Оқушыларға облыстардың атын айту ұсынылады
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді
Оқушылар жауап береді.

Компьютер

Ортасы (20 мин)

Мұғалім: - Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?


- Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз? «Жалғасын тап» ойынын ойнайық. Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді.

- Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.


Б- білімімді арнайтын О- отанымды қорғайтын Л- лаңкестікті даттайтын А- адалдықты жақтайтын Ш- шуағымды шашатын А- асулардан асатын Ғ- ғарыш сырын меңгергн Ы- ынтымақты тең көрген М- менмендікті жек көрген Қ- қазаққа қызмет ететін А- арманына жететін З- заңды жақсы білетін А- алға қарай жүретін Қ- қайырымды елімнің С- салтанатты жерімнің Т- толықтырам сенімін А- абыройын,жігерін Н- намысын қолдан бермейтін Бәрі: Мен боламын еңбекқор, Болашағы елімнің! Ән «Көк тудың желбірегені».

Компьютер


Соңы
- Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: Өткеніңді еске алсаң, Өскеніңнің белгісі. Өткеніңді ұмытсаң, Өшкеніңнің белгісі, - деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары
Оқушылар хор айтады

комппютер



Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет