Сабақтың мақсаты:
|
Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;Сол сөздерден өнеге алуға баулу
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.
|
Ресімдеу
|
Слайд,презентация
|
Музыкалық және бейне көркемдеу
|
интерактивті тақта, слайд
|
Үлестірмелі материалдар
|
1.Аталар сөзі – ақылдың көзі. 2. Ата өсиеті. 3. Баталы құл – арымас. 4. Жарасып тұр дәстүрім
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
|
Презентация
|
Дайындыққа арналған әдебиет
|
Интернет материалдары
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
Алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
|
Компьютер
|
Сабақ басы (13 мин)
|
Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары,
Жас баладай жаутаңдаған жанары,
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай,
Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.
Ақиқатты айқындап жариялар
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын
Бара жатыр сарқылып дариялар.
Неменеңе жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп әнеки жағада тұр.
Бабалар сөзі – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен – билерден, ақын – жыраулар мен сал – серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Біздің ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім – тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.
Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым салады. Бұның бәрі – тәрбие. В. А Сухамлинский: «Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да қақысы бар. Бұл моральдық қақыны құрметтей біл »,- деп айтқан.
Жұмбақ шешу:
Айтары мол ғұлама, Көп жасаған бұл адам. Әкесі ол әкеңнің, Білер оны сұраған, Ол кім? (Ата)
Аймалайды «Күнім»деп, Мейірімді жүзі күлімдеп. «Тәтті-ақ» дейді немере, Бал шырындай үнің деп. Ол кім? (әже)
|
Оқушылардың өлеңдері тыңдалады
Оқушылар өздері суреттер салады
Жұмбақ шешу:
|
Компьютер
|
Ортасы (20 мин)
|
« Мен атамның жалғасымын» Ата-бабаң ардақты, Жамандыққа бармапты. Ардақ тұтып үлкенді, Ата жолын жалғапты. Бұл бөлімде біздің кейінгі ұрпағымыз өздерінің өткен ата-бабаларын біле мекен соны білмекпіз.
«Ата-әжем мақтанышым»
Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды,іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық
іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады. ә/ Ауыл қариялары туралы мәлімет беру. Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәуреннің басы қасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі.Өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана,перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін,жасөспірімді тәрбиелейді
|
Оқушыларға жеті атасын айтқызу.
|
|
Соңы
|
«Бабаларым, рахмет сендерге! Балаларым болмасын деп бос кеуде, Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің, Өмірге мен мылқау болып енгенде Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!
|
Ән: «Асыл әже» (хор)
|
|
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Достарыңызбен бөлісу: |