Тәрбие сағаты №33
|
«Оқырмандар отбасы»
|
Күні
|
|
Класс жетекші:
|
|
Класс:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)
|
Отбасы
Ата-ана
Бала
|
Сабақтың мақсаты:
|
Оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру. Болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ, оқыған кітаптарын талдай отырып, рухани-тәлім тәрбиелеу, кітап оқуға баулу. Отбасылық оқу дәстүрінің өркендеуіне себеп болу,отбасының қатынасты және ата-аналар мен балалардың бос уақытын бірге өткізу, олардың ақпараттық ағартушылығын ұйымдастыру.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Отбасы құндылықтарын дәріптеу
|
Ресімдеу
|
Слайд,презентация
|
Музыкалық және бейне көркемдеу
|
интерактивті тақта, слайд
|
Үлестірмелі материалдар
|
Тақырыптық суреттер
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
|
Презентация
|
Дайындыққа арналған әдебиет
|
Интернет материалдары
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
Кітапханашы: - Құрметті кітапсүйер қауым және бүгінгі сайысымызға қатысушы балалар мен олардың ата –аналары. Бүгінгі мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Отбасымыз оқырман» тақырыбында оқырмандар сайысын ашық деп жариялаймыз. Әрине, бұл оқырмандарымызбен қатар олардың ата-аналарына да сынақ болмақ. Өйткені оқушылар сайыс барысында өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын, жылдамдықтарын, өнерлерін толығымен ашып көрсете алады. Біздің дәуірімізге дейінгі20-шы ғасырда бір отбасында бірнеше ұрпақ өмір сүрген. Оларды атап айтар болсақ.ата-әжесінен бастау алып немере мен шөбереге дейінгі ұрпақтар өмір сүрген.Олар тату-тәтті бір-бірімен достық қарым-қатынаста өмір кешкен.Үлкендері кішіге ізет,кішілері үлкенге құрмет көрсетіп,бір-бірлерін сыйлай білген.Олардың отбасы берік болған. Сайыскелер дайын болғанша біз сіздермен бірге «Оқырмандар отбасы» атты кітап көрмесімен таныс болайык.
1-жүргізуші:
Тәуелсіз елдің болашағы – білімді ұрпақ. Олай болса, бүгінгі шарамыз сайыс түрінде өтеді.Сайысқа 4 отбасы қатысады. Ендеше сайысқа түскелі отырған оқырман отбасыларды ортаға шақырайық.
1-айналым. «Сұрасаң менің тегім» .(Бұл айналымда отбасы мүшелері өздерін таныстырып, сүйікті кітаптары жайында айту)
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді,
мектеп партасындағы
қатарлары бойынша
орындарына отырады.
|
Компьютер
|
Сабақ басы (13 мин)
|
2-жүргізуші:
2-айналым.Ұшқыр ой.Сұрақ- жауап (оқушылармен жұмыс)
Бұл айналымда әр топ 10 сұраққа жауап берулері керек. Мұнда сіздердің ұшқырлықтарыңыз бен сұраққа тез және дәл жауап бергендеріңіз есептеледі. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі, яғни неше дұрыс жауап болса, сонша ұпай, жиналады.Сұрақтар қазақ тілі, математика, дүниетанудан қойылады.
1-топ сұрақтары:
1.Қазақстан Республикасының Президенті кім?( Н.Ә.Назарбаев)
2.Қойдың иесін ата ?( Шопан ата)
3.Адамның ішкі мүшелерін ата ? (Ми,өкпе,жүрек,бауыр,бүйрек,қарын,ішек,қуық )
4.Қараша жылдың қай мезгіліне жатады ? (Күз)
5.Жыл басы не ? (Тышқан)
6.Есту мүшесі ( Құлақ)
7.Орман дәрігері ( Тоқылдақ)
8.Спорттық ойын түрлерін атаңдар, ( Футбол,баскетбол,волейбол,хоккей,шаңғы тебу )
9.Күн мен түн қандай әріптен аяқталады? ( Н )
10.Үш биді ата? (Қазыбек би,Төле би,Әйтеке би )
2-топ сұрақтары
1.ҚР астанасы? (Астана)
2.Жылқының иесі ( Қамбар ата)
3.ҚР Тәуелсіздік алған күні ( 16-желтоқсан)
4.Желтоқсан жылдың қай мезгіліне жатады? (Қыс)
5.ҚР Мемлекеттік тілі қандай тіл? ( Қазақ тілі )
6.Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? (1986 жылы )
7.Ел басқару саласындағы басты тұлға кім? (Президент )
8.Абылайхан тұсындағы жырау (Бұқар жырау)
9.Жылдан құр қалған жануар(түйе)
10.Адамға қажетті бес қажеттілікті ата(Ауа, су,жылу,жарық,тағам)
3-топ сұрақтары
1.ҚР оңтүстік астанасы.( Алматы)
2.Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында?( 9-орында)
3.Ешкінің иесі( Сексеката)
4.ҚР Елтаңбасыныңавторларыкімдер( ЖандарбекМәлібековШотаманУәлиханов)
5.Ақпан жылдыңқаймезгілінежатады(Қыс)
6.16-шы қандаймереке?( ҚР Тәуелсіздіккүні)
7.Тыныс алумүшелеріната ( Мұрынқуысы,кеңірдек,өкпе)
8.Етістіктің сұрақтарыната? (Не істеді?Неқылды?Қайтті?)
9. «Л»дыбысықандайдыбыс?(Дауыссз,үндідыбыс)
10.Сұраулы сөйлемгемысалкелтіріңдер(Сеніңатаңкім?)
4-топ сұрақтары
1.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров )
2.Сиыр иесі кім? (Зеңгі баба)
3.Мамыр айы жылдың қай мезгіліне жатады? (Көктем)
4.ҚР Туының авторы кім ? (Шәкен Ниязбеков)
5.ҚР тұңғыш Президенті қашан сайланды? (1-ші желтоқсан 1991 жылы)
6.Жер шарында неше мұхит бар? (4)
7.Ас қорыту мүшелерін ата (ауыз қуысы,жұтқыншақ,өңеш,қарын, ішек)
8.Сезім мүшелерін ата (Көз,құлақ,мұрын,тіл, тері )
9.Сан есімнің сұрақтарын ата (Қанаш? неше? нешінші?)
10.«Қ»қандай дыбыс? (Дауыссыз,қатаң дыбыс )
|
Әр топқа сұрақтар беріледі. сол сұрақтарға дұрыс жауап беру.
|
Сұрақтар жазылған карточкалар
|
Ортасы (20 мин)
|
1-жүргізуші:
3-айналым. «Менің оқырман отбасым» (кітапша жасап әкеліп,презентация жасайды)
2-жүргізуші:
4-айналым. «Ерте, ерте, ертеде» (отбасылық топ үйден дайындап келген ертегіден көрініс көрсету)
1-жүргізуші:
5-айналым. «Кім тапқыр»( Екі қатар танымал ақын-жазушылардың , батырлардың портреттері ілініп тұрады.Олардың әр қайсысының беті жабық болады.Жабық қағаздарға балл жазылған .Оқушы таңдаған ұяшықты ашып ,кім екенін табу керек.Егер батыр болса оның ерлігі туралы айтуға тиіс. Әділқазылар алқасы тиісті баллдарын береді.)
2-жүргізуші:
6-айналым.Ата –аналармен жұмыс. (сұрақ-жауап)
-Балаңыздың өнері , қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса не істер едіңіз?
- Үйде баланың сабақ дайындалуына өз бөлмесін ұйымдастыра аласыздар ма?
-Үйде кітап сөресі болса, онда баланың танымдық қабілеттерін арттыратын қандай әдеби кітаптар , ертегілер , журналдар түрлерін атай аласыз ?
-Балаңызға оқуға қандай кітапты ұсынар едіңіз?
-Балаңыздың әдеби кітап оқуына мүмкіндік бересіз ба?
-Балаңыз қандай баспадан журналға жазылады?Жазылған жағдайда оларды жинақтап қоясыз ба?
-Балаңыздың кітап оқуға деген қызығушылығы байқалса не істер едіңіз ?
-Балаңызға өзіңіз оқыған әңгімені дауыстап оқып бересіз бе немесе сұраған жағдайда оған кітаптың мазмұнын айтып бересіз ба?
Осы сайыстан кейін сізде қандай ой туындады?
Әділқазылар алқаларына сөз кезегін береміз!
1. жүргізуші: Адамның досы – кітап , өмір кілті
Тең келмес оған барлық жиған мүлкі
Ақылшы , жанға серік , жол бастаушы
Асыл қазынасы, өмір көркі!
Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті , өнерлі болуы керек. Ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды , өнерімізді кітап арқылы танимыз. Ол үшін кітапты көп оқуымыз керек.
|
Шығармашылық жұмыс
|
Презентация
|
Соңы
|
2 жүргізуші: Кітап – жан айнасы. Оған қарап бойыңды да, ойыңды да түзеуге болады. Айналадағы адамға мейіріммен қарауға үйренесің. Кітап – сенің ақылгөй, адал досың, өмірлік есті жолдасың. Өмірде бар нәрсе өзгереді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай келешек ұрпақ асыл қазынамыздан нәр алып, сусындай берсін. Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!
Қорытынды. Марапаттау, кітапханашы іс-шараны қорытындылап, сайысқа қатысқан отбасыларға алғыс айтты, сыйлықтар таратылды.
|
Оқушылармен қоштасу
|
Интерактивті тақта
|
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Достарыңызбен бөлісу: |