Абай мен Шәкәрім шығармаларын салыстыру.
-Қазақ поэзиясының асқар шыңы Абай қалдырған шығармашылық дәстүрді жалғастыра отырып, өз жаңалықтарымен байытып өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы-әдебиетіміздің асыл қазынасы. «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» деген Абай мектебінен тағылым алып, оның жолын жалғастырған Шәкәрім өлеңдері ақын өлеңдерімен үндесіп жатады.
Оқушылар ақындардың өлеңдеріндегі ұқсастыққа тоқталады. Мысалы:
Шәкәрім: Адам үшін еңбегім,
Өмірден барлық тергенім.
Қалағанын қарап ал,
Мұрам сол ,жастар бергенім.
Абай: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ертегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді,тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Шәкәрім: Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек
Бұған ұйқасты өлең сөз керек,
Өзіне орайлы,
Ән-өлшеуіш
Өлең – күміс
Қоспаңыз мыс аралас.
Абай: Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Мағынаны ашу «Ойлан,тап».Мұғалім сөзі: Шәкәрім өлеңдерінің тақырып ауқымы өте кең.Соның ішінде ойып орын алар тақырып-рухани –адамгершілік мәселесіне қатысты ойлары.Шәкәрім ар-ұятты жоғары қояды.Тақтаға назар аударыңдар.Санда жасырынған сұрақтарға жауап беріңдер .
Қазақ халқы- қонақжай , бауырмал халық.Айналаңды дос тұту,бауырыңа тарту-бұл да адамгершітіктің жоғары түрі.Бұл мәселе Шәкәрім өлеңдерінде қалай көрініс тапқан?
Адам өмірінің мәні неде? Адам баласының борышы не?
Шәкәрімнің уағыз,ақыл-кеңес,насихат түрінде жазған қандай өлеңдері бар? Мәнерлеп ,жатқа айтыңдар.
Шәкәрім лирикасының көркемдік тіл ерекшелігі. Ақын өлеңдерін қуаттандырып ,нұрландырып тұрған қандай көркемдегіш құралдардың түрлері кездеседі?
Өзгеге жақсылық жасау, мейірімді болу идеясы Шәкәрім поэзиясында қалайша орын алған?
Ынсап,рахым,ар-ұят.сабыр,сақтық туралы ақын не дейді?
|
Оқушылар ақындардың өлеңдеріндегі ұқсастыққа тоқталады
|
Презентация
|
Соңы
|
«Шәкәрім шыңы». Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылап,бекіту.
А) Шәкәрім-лирик. (өлеңдерінің тақырыбы)
Ә) Шәкәрім-аудармашы (кімнің қандай шығармаларын аударған?)
Б) Шәкәрім-эпик (поэмалары)
В) Шәкәрім –сазгер (әндері)
Г) Шәкәрім –жазушы (әңгімелері.романы)
Д) Шәкәрім-тарихшы,ойшыл (зерттеулері,философиялық
Жазбалары).
Үйге тапсырма: Шәкәрім дастандарының тақырыбы мен идеясын зерттеу. «Дана сөздің дарасы» ой толғау
|
|
Интеракитивті тақта
|
Достарыңызбен бөлісу: |