Сабақтың тақырыбы Әуе көліктері 7-бөлім: Көлік және жол белгілері Оқу мақсаттары



бет2/2
Дата18.02.2022
өлшемі20.69 Kb.
#455512
түріСабақ
1   2
docx1553327549

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Құндылықтарға баулу

Бірлесе жұмыс жасау, қарым-қатынас жасау қабілеті, өзгелердің көзқарастарына құрметпен қарау.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Алдыңғы оқу

Сын есім туралы түсінік

Сабақтың жоспарланған
кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуға тиісті іс-әрекеттер

Ресурстар



Басы
6 мин


Ортасы
30мин



І.Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу
Ә) Ынтымақтасытқ атмасферасын қалыптастыру «Аялы алақан» стратегиясы бойынша
Б) Топқа бөлу: оқушылардың есімдерін атап, әліпби ретімен топқа бөлу:( оқушылар бұл топқа бөлінуде қызықты, көңілді іс әрекетпен топтасады) .
ІІ.Үй тапсырмасы
«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша жұмыс жүргізу. Жинақтаған мәліметтерін сұрақ қою арқылы айтады.

  • Сын есім құрылысына қарай қалай бөлінеді?

  • Сын есім тұлғасына қарай бөлінеді?

  • Сапалық сын есімге мысал айтыңыз.

  • Қатыстық сын есім қалай жасалады?

  • Туынды сын есім мен қатыстық сын есімнің қандай ұқсастықтары бар?

Дескриптор: Сұрақтарға жауап бере алады.
Сын есімді пайдалана алады.
«Бағдаршам» әдәсі арқылы бағалау

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру:
1-тапсырма : Мәтінді оқып, ат қойыңдар. Мәтін мазмұны негізінде сұрақтар құрастырыңдар.
Теңіз көлігінің үлесіне елдер арасындағы жүк тасымалының 80%-ы, дүниежүзілік жалпы жүк айналымының 60%-ы тиеді. Ірі теңіз державалары арасындағы өзара бәсеке салдарынан көптеген ірі кемелер салық тұрғысынан ұтымды болатын дамушы елдердің туы астында жүзеді. Сондықтан теңіз жүк тасымалындағы жетекші елдер қатарынан Панама, Либерия, Грекия, Кипрді көруге болады. Ірі сауда кемелерінің үлесі Ұлыбритания, Жапония, Норвегия, АҚШ, Ресей, Қытай елдерінде де жоғары. Теңіз жолының ежелден белгілі ауданы — Атлант мүхиты. Ірі порттары: Роттердам (Нидерланд), Жаңа Орлеан (АЩП), Марсель (Франция), Гамбург (ГФР). Соңғы кезде Азияның жаңа индустриялық елдерінің қарқынды дамуы Тынық және Үнді мұхиттарындағы теңіз жолдарын игеруге мүмкіндік беруде. Бұл аймақтағы халықаралық маңызы бар ірі порттар қатарына Кобе, Нагоя, Иокогама (Жапония) және Сингапур жатады. Теңіз жолдарының түйіскен жері жіңішке бұғаздар мен теңіз каналдары болып табылады. Ла-Манш бұғазы арқылы тәулігіне 500, Зонд бұғазы арқылы 175, Гибралтар бұғазы аркылы 140 кеме өтеді. Сонымен қатар Ормуз, Малакка, Босфор бұғаздарының маңызы зор. Адамзаттың ақыл-ойы мен еңбегінің нәтижесінде пайда болған жасанды бұғаздар — Суэц, Панама және Киль каналдары экономикалық жағынан аса тиімді теңіз кақпасы болып табылады.
Дескриптор: Мәтінді оқып, ат қояды
Мәтін мазмұны негізінде сұрақтар құрастырады.
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау /өзара бағалау/

2-тапсырма : Ізденімдік тапсырмадағы жинаған мәліметтеріңнің негізінде «Қазақстандағы портты қала және ондағы су көліктері» деген тақырыпта шағын мәтін жазыңдар. Сын есімдерді тұлғасына , мағынасына,құрамына талдаңдар.
Дискриптор: 1) Ізденімдік тапсырмадағы жинаған мәліметтеріңнің негізінде «Қазақстандағы портты қала және ондағы су көліктері» деген тақырыпта шағын мәтін жазады.
2)Сын есімдерді тұлғасына ,мағынасына,құрамына талдайды

3-тапсырма : Әлемді кемемен аралап, қай мемлекеттерге, қай қалаларға барғыларың келеді ? Сол елге барғанда қажет болатын 5 сөзді ұсыныңдар. Олардың орыс және ағылшын тіліндегі баламаларын жазыңдар.
Дискриптор: 1.Әлемді кемемен аралап,қай мемлекеттерге, қай қалаларға барғылары келетіні туралы айтады.
2.Сол елге барғанда қажет болатын 5 сөзді ұсынады. 3.Олардың орыс және ағылшын тіліндегі баламаларын жазады.

ІV Сергіту сәті: Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдату

V. Бекіту ҚБ
Сын есімдерің барлық түрлерін қолданып Су көліктері туралы сөйлем құрастырады.
Дескриптор: сын есімдерді шырай түрлеріне қарай ажыратып қолданады.
Сөйлем ұрастырады.

Оқулық
Оқулық,дәптер

Соңы
3мин
2мин
1мин

Кері байланыс: «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс береді.
Бағалау : «Бес бармақ» әдісімен бүгінгі үздік жұмысты анықтау
Үйге тапсырма: 6-тапсырма : Мақал-мәтел,тұрақты тіркес, жұмбақтар қатарын толықтырыңдар.

Мақал-мәтел

Тұрақты тіркес

жұмбақ

Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді

Салу суға кету

Жүрсе-ізі жоқ,
Сойса-қаны жоқ.













Әрбір топ өз ойларын ортақ пікірге келіп айтады.

Қосымша ақпарат

Саралау –

Ақтау порты және ондағы су көлігінің түрлері туралы зерттеу жұмысын дайындап, топ алдында қорғаңдар.

1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.
2.Барлық оқушыларға тақырыпқа сай мысал негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселе бойынша ойларын айту тапсырмалары беріледі.

1. Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі. 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара
«Әттеген ай, Бәрекелді» қалыптастырушы бағалау арқылы айқындау.
3. Кері байланыс
3. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану

Рефлексия







Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет